Кітапханалық коворкинг-офис

Ағымдағы жылдың 29 қарашада «Шабыт» шығармашылық және жастар орталығында кітапханалық коворкинг-офисс ашылды.
Біздің офисс пайдаланушыларды қазіргі әлемде бар заманауи трендтерге тарту үшін құрылған. Бұл "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Кітапханалық коворкинг-офисі бұл қарым-қатынас, оқыту, демалу, шығармашылық қарым-қатынас үшін адамдарды біріктіретін қоғамдық кеңістік, адамдар өз бетінше немесе командамен жұмыс істей алатын орын.
Бұл жерде жұмыс істеуге немесе демалуға барлық жағдай жасалған.  Жұмыс істеуге қажетті кеңістік пен ыңғайлы орындықтар, үстелдер, жеке және топпен жұмыс істеуге арналған аумақ, ғаламтор жүйесіне қосылған компьютерлер мен тегін вай-фай,  принтер мен сканер, сонымен қатар оқуға арналған кітап басылымдары да бар. Конференц-зонасы – бұл жерде дөңгелек үстел, ақпараттық үстел, әр-түрлі кездесулер, семинарлар, мастер кластарды өткізуге болады. Бұл жерде өздеріңіз көріп тұрсыздар жұмыс істеуге, ғаламторға шығуға мүмкіндік беретін және көп атқарымдық компьютерлер орналасқан; WIFI зонасы – бұл жерде пайдаланушылар жайлы жағдайларда интернетке тегін шығуды пайдалана алады;  Релаксация зонасы - демалыс бұрышы, бұнда кітап оқып демалуға болады, өз гаджетіңізда отыра аласыз немесе теледидар көре аласыздар.
Балалар бөлмесінде үстел ойындар мен даму ойындар ойнайтын ойын зонасы мен жұмыс істейтін интеллектуалды зонасы бар. Сондай-ақ білім салалары бойынша әдебиеттер мен анықтамалық әдебиеттер балалар мен жасөспірімдерге қол жетімді.
Біздің коворкинг-офиссіміздің жұмыс істеу және демалу үшін қолайлы атмосфера, креативтілік және барлық қолайлылық біздің тұрғындар үшін таптырмас орын болады деп үміттенеміз. Кітапханалық коворкинг-офисінің есігі жасына қарамастан барлық жерлестеріміз үшін ашық. Келіңіздер, барлығымызға қуаныштымыз! 

ОКЖ әдіскері
Фахирслямова Р.Н.

FOTO