«Салт дәстүрім – таусылмайтын байлығым»
/Отбасылар салт – дәстүрлер сағаты /         

Сәуір айының 13 жұлдызы күні аудандық кітапхананың ұймдастырумен және «Туған елім – алтын бесігім» клубының ұжымымының  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы рухани қазына кіші бағдарламасы бойынша «Салт дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты тақырыпта ұлттық құндылық, дәстүрлер сағатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты, рухани құндылықтарға сүйене отырып, жастардың  ата-бабамыздың салт-дәстүріне, тарих, мәдениетіне қызығушылық пен құрметтін ояту.
Шараның бағдарламасы:
«Наурыз көктемнің жарқын мерекесі» - сөз басы;
«Наурыз көже тарихы» - Купеева Сауле Кирибаева;
«Баланы бесікке салу» - Жұмабике апа;
«Салт – дәстүр тарихы» - видео-сюжет;
«Ұлттық дәстүр ұлағаты» - кітап көрмесі.
Қорытынды.
Шара барысында Туған елім – алтын бесігім клубының ұжымындағы апаларымыз, жиналған жастарды қазақтың салт-дәстүрімен таныстырып өтті. Наурыз көже тарихын Сауле апай баяндап, не себепті наурыз көжеге  жеті тағам қосылатынына жеке-жеке тоқталып өтті. Сонымен қатар Жұмабике апа баланы бесікке салу жөн жоралғысын көрсетіп шықты. Жастарға көрсетілген салт-дәстүрлер бойынша сұрақтар қойылды. Жәнеде қандай салт-дәстүрлерді білетіндерін жиналған оқушылар айтып берді. Бірі тұсау кесер туралы айтса 10 сынып оқушылары «Шарана шайқау» салтын толық қалай жасалатыны жөнінде айтып берді.мектеп оқушылары білетін ұлттық ойындары мен дәстүрлерді жарыса айтумен болды. 
Шара соңында жиналған жастар кітап көрмесімен таныстырылды.

FOTO