2016 жылдың 26 сәуірі – Чернобыль АЭС апаты күнінен 30 жыл. Қанша уақыт өтсе де, сол қасірет естен кетпес. Жыл сайын біз сол қасіретті көктемді еске аламыз.

26 сәуірде «Айбат» жастар бастамасын дамыту орталығы, ауданның ішкі саясат бөлімі және аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі бірігіп, кітапхананың конференц-залында, Чернобыль АЭС апатының жойылуының 30-жылдығына арналған «Чернобыль - ХХ ғасырдың қасіреті» «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, өткізілді.

Қатысушылардың назарына «Апат алдындағы секундтар» атты Чернобыль АЭС туралы фильм ұсынылды. Бұл фильм сол оқиғаның көлемі мен адамдардың ерлігін көрсетті, көркем және бұл тақырыпқа арналған деректі әдебиет шолуы өтті.

Дөңгелек үстелге Чернобыль апатын жоюға қатысушы Алик Темиков қатысты. Қатысушылар оны қызыға тыңдады. Ал кітапхана қызметкерлерімен дайындалған слайдтарда қатысушылар атом станциясын апатқа дейінгі және апаттан кейінгі кейіпте көрді, тастанды Припять қаласын көрді.

Шара барысында құрметті азамат А.И.Прокопцов, қорғау істері бойынша бөлім бастығы А.С.Гринев, № 20 аграрлық-техникалық колледждің тарих пәнінің мұғалімі Т.А.Махметов, ТЖ бас маманы А.А.Буркутбаев сөз сөйледі. Олар апат туралы өз пікірлерін білдірді.

 «Дөңгелек үстел» қатысушылары ел үшін өздерін құрбандыққа салған адамдарға алғыстарын айтты. Әр қайсымыз әлем тағдыры үшін жауаптымыз, адам өмірінен басқа құндылық жоқ.

 
Оқу залының кітапханашысы С. Тлегенова.