Ағымдағы жылдың 16 қазан күні «Кітап оқитын балалар – еліміздің  интеллектуалдық болашағы» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.  Семинарды ОКЖ директоры Адамова М.Н. ашып, жүргізді. Бағдарлама бойынша «Кітап оқитын балалық: жол берілмейтін идея ма әлде перспективті шындық пе?» тақырыбында интерактивті талдау – консультациясын  балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ  әдіскері Умарова А.Е. өткізді.  Өз баяндамасында әдіскер кітап оқитын адам мен кітап оқымайтын адамның айырымашылығын түсіндіріп өтіп, өткізуге тура келетін іс-шаралардың формалары мен атауларын атады.
Келесі баяндаманы ОКЖ библиографы Кабитова Г.С. «Кітап оқу  шығармашылық үдеріс ретінде: жастардың оқырман талдаулары» тақырыбында әдіскерлік жадынама ретінде оқыды.
«Кітапқа әлеуметтік желілер арқылы» –  әңгіме-консультация балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ  әдіскері Умарова А.Е. өткізді. Өз баяндамасында Умарова А.Е. кітапханашыларды толықтай жаңадан жұмыс жасауға шақырды. Дәстүрлі тәсілдерді жасай келе,  өмір талабы бойынша өз жұмысымызды кеңейту мүмкіндігін түсіндірді. Сонымен қатар, ғаламторда балаларымызды қалай құтқруға болатыны бойынша кітапханашыларға ескертпе парақтар  таратты.
«Тыныштыққа -  бойкот: квест ойындарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинарды әрі қарай Веселая Роща а/к кітапханашысы Кенжебаева А.Д. әңгіме –консультация жүргізді.
Модератор Умарова А.Е., балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ  әдіскері слайд тақтадан бірнеше сурет көрсетіп, осы суреттерді не байланыстырып тұр? деген сұраққа жауап іздетіп, «Ойжүйрік» ойынын өткізді. Ойын нәтижесінде кітапханашылар айстоппер, книгли және т,б, кітапханалық терминдер танысып, осы терминдерге өздері сурет бойынша анықтама жасады.
Әрі қарай «Кітап көрмелері мен  экспозициялары кітапхана кеңістігінде: қалай оны түрлендірсе?» тақырыбында Михайловка а/к-ң балалар бөлімінің кітапханашысы Суханова Л.В.  слайд-консультация жасады.
«Қызығушылықтың отын жағамыз: кітапханалық шаралар практикасында ойын мементтері» тақырыбында  Еңбекші а/к-ң кітапханашысы Жумабекова Л.Б.әңгіме-ұсынысында өз жұмысының тәжірибесі бойынша этноквест, әңгімелеу сағаты, кітап тығылмағы және т.б. формалар бойынша ұсынысын әңгімеледі.  Приертіс а/к кітапханашысы Шапихова Г.С.әдістемелік консультациясында жасөспірімдердің патриоттық тәрбиесі бойынша шара өткізгенде, бұған негіз етіп, ауылдың, аудынымыздың батырлары жайында сөз ету қажеттілігін айтты және өз тәжірибесін ұсынды.
Семинар әр-түрлі сұрақтарды талқылаумен аяқталды: 2020 жылға жоспарлау туралы және 2019 жылдың есебі, «Бір ел-бір кітап» атты республикалық акция барысы туралы, балаларға арналған ОКЖ-ң мақсаттық бағдарламалары туралы / «Читаем с пеленок», «Большое детское чтение»/.

FOTO