Кітап оқу – білімқұмарлар белгісі

Аудандық орталық кітапханасының қызметкерлерімен № 20 аграрлық-техникалық колледжінің студенттеріне арналған «Кітап оқу – білімқұмарлар белгісі»  атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді.    

Өткізілген шара бағдарламасы өте толық болды. Оған «Из истории великих научных открытий» роликті бейнелеу, «Есіңе сақтадың ба? Жауап бер!» - қабылдаған ақпаратты нығайту үшін ауызша сұрастыру, «Кітап оқу студентке көмекке» - кітап көрмесін шолу, «Жила была библиотека» - пікірленген слайд-презентация,  «Библиотекарь – профессия для избранных» -ақпараттық минут,  «О тех, кто служил просвещению» - бейне журнал, «Балғын эрудит» - электронды брейн-ринг, «Грамматический бой» - студенттермен практикалық жұмыс, «Отанымыздың аңыз адамдары» - фольклорлық оқулар енді. 

Кітапханалық сабақ өте қызықты өтті. Студенттер сұрақтарға қызыға жауап берді, практикалық сабақтарды белсене орындады. Көрмеде ұсынылған әдебиет те сұраныспен пайдаланды.

ФОТО