Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп,
қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен
Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер
төккен еліміздің барлық азаматттарының
бір-біріне құрмет білдіретін күн. 

Алғыс айту күні – ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Аталмыш мереке қарсаңында аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі аудандық агро-техникалық колледжінің студенттеріне арнап «Через испытания – к общей судьбе» атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырды. Колледж студенттеріне келесі ақын жазушылармен толығырақ танысып өтті Абай, С.Торайғыров, Г. Бельгер, Д.Снегин, Н. Келімбетов, М. Зверев, С.Елубаев  М.Мағуин
Бұл адамдар өз өмірлерін игі істер істеп, ағарту ісіне, еліне адал қызмет атқарып, халық үшін өмір сүруге арнады . С. Торайғыров «Қарағ,ы қазақ көгіне өрмелеп шығып к.н болам, Қарағ,ылықтың көгінде, күн болмаған да, кім болам ?» - ө деп жырлаған  жүрекжарды жырларынан байқауға болады.
Шара барысында, оқырмандар мерекенің қалай пайда болғандығы жайында тарихтың жаңа беттерін ашты, және кітапхананың аталмыш шараға арнап дайындалған  «Алғысым шексіз бабаларыма» атты кітап көрмесімен танысып шықты.
Сондай ақ оқырмандар назарына «Память во имя будущего», «Карлаг» және «Бір ел, бір халық,бір тағдыр» филімінен үзінді көрсетілді. Бұрынғы сотталушы Гертруда Платайс жақын маңдағы ауыл тұрғындарының  тарапынан, тұтқындарға  қарай лақтырылған шақпақ құрттармен жан сақтандарын тебірене еске алады.

FOTO