Жыл сайын 7 мамыр Қазақстан Отан қорғаушылар күнін атап өтеді.

Осы мерекеге байланысты аудандық орталық кітапханада Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Биылғы жылы кітапханада «Академия военных наук» атты тақырыпта тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудандық  әскери комитеттің қызметкерлері мен шекарашылар қызметкерлері Железин ауданының подполковнигі Т.Е. Сейткулов және майор Е.Е. Қонақбаев шақырылды. Сонымен қатар аудандық мектептердің №1,2,3 оқушылары қатысты. Оқушылар әскери комитеттің тарихымен танысты және көптеген қызықты ақпараттар алды. Балалар  әскери қызметкерлермен танысқанына тілдескеніне үлкен рахметтерін айтып және өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды.
Оқушылардың назарына «Еркін елдің ұланымыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

FOTO