«Железин ОКЖ кітапханаларының қызметкерлері: іске асқан жоспарлардан – жаңа идеяларға» -  

Бұл 26 ақпан күні орталық аудандық кітапхананың конференц залында өткен ағымдағы жылдың алғашқы семинар-отырысының тақырыбы болды.
Семинарды ОКЖ директоры өзі ашып, жүргізді. ОКЖ әдіскері Фахирслямова Р.Н. «Жылдық жұмыс жоспары: шығармашылықты іске асыру мүмкіндіктері»  тақырыбында консультация-талдау. Талдауда жылдық жоспарда жиі кездесетін қателер туралы сөз болды, оларды басқа заманауи жаңа атауларға ауыстыру ұсынылды. Сонымен қатар,  әдіскер жоспарда кездескен жаңа атаулар мен формаларды қолданған, жылдық жоспарды жасауда шығармашылық танытқан кітапханашыларды атады.
Семинардың жұмысын әрі қарай ОКЖ әдіскері Чикишева А.Н.  «Есеп беру-2018: дәстүр мен инновациялық талдау» тақырыбындағы консультацией-бағалаумен жалғастырды.  Жылдың есеп беру талдауында, әдіскер кітапхананың есеп беру жұмысын тиімді көрсете алатын фактор ретінде инновация екенін атап, жұмысымыздың оң тәжірибесін қолдануға шақырды. Оң деген баға алған  іс-шаралар аталып,  жаңа заман инновациясын талап ететін іс-шаралар қарастырылды.  Өз баяндамасы соңында әдеби мерейлер, кәсіптік бағдар, техника және ауылшаруашылық  әдебиетті насихаттау бағыттары бойынша кітапханалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуді талап етті
Семинар-кеңесте балалармен жұмыс жасау ОКЖ-нің әдіскері Умарова А.Е. «Жылдық жоспарлау: балалармен жұмыс жасау үшін бірнеше жаңа идея» туралы сөз сөйледі. Ол өзінің ұсыныстарында жұмыстың жаңа креативті формаларына тоқталып, кітапхана түні сияқты қызықты іс-шараның  формасы қарастырылды. Сонымен қатар, кітапханашыларға олардың жұмыс тәжірибесіне оқырман-балалармен жұмыс жасаудың ойын әдістерін кеңінен енгізуге ұсынылды. Әдіскер семинарды «Кітапханалық жылдық табыстар: балалармен жұмыс жасау бойынша ОКЖ кітапханаларының жұмыс тәжірибесі»  атты әдістемелік-кеңеспен  жалғастырып, слайд-презентациясында балаларға арналған ең жарқын және сәтті кітапханалық іс-шараларды көрсетті.
ОКЖ-нің библиографы Кабитова Г.С.  "Ақпараттық-библиографиялық қызмет: қателіктермен жұмыс" атты кеңес-практикумында ауылдық кітапханашылардың ақпараттық-библиографиялық қызметін жоспарлау және есеп беру кезінде жіберілген нақты кемшіліктер қаралып, түзетілді. Кеңес берудің теориялық бөлімінен кейін кітапханашыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдану ұсынылды.
Қысқа үзілістен кейін семинар өз жұмысын "Сіздермен бөліскім келеді" шығармашылық бастама сағатымен жалғасты. Семинарға қатысушылар жастарға арналған іс – шараларды ұйымдастырудың қызықты тәжірибесімен (Уәлихан а/к), мектеппен жемісті ынтымақтастық (Еңбекші а/к), "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында "Оқитын автобус" (Михайловка а/к) ұйымдастырумен танысты. ОБК кітапаханашысы Чехова Н.С. балалар үшін "Адамгершілік пен мейірімділік сабақтары" атты әдеби сабақ циклінің өз жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысымен бөлісті.
Семинар-кеңестің қорытынды бөлігі өткен жылы бастама алған "Өлкетану аудио-бейне гид" кітапханалық жобасын іске асыру бойынша ОКЖ кітапханаларының жұмысын талдауға арналды. ОКЖ директоры осы жобаның біздің өлкеміздің тарихын қалыптастыру үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Өйткені, ауыл туралы, қызықты, шебер адамдар туралы  естелік қалдыру – бұл кітапханашылардың басты мақсаты.
Сонымен қатар кітапханашылар өткізілетін жаңа жоба «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» - аудандық тарихи әдеби фестивалінің  ережесімен танысты.
"Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында А. Тәжібаевтың шығармалары бойынша және А. Кекілбаевтың "Аңыздың соңы" романы бойынша, көркемөнерпаздар авторларының өлеңдерін жинастыру кітапхана жұмысын ұйымдастыру бойынша сұрақтар, және т. б. мәселелер қарастырылды.
Семинардың соңында ОКЖ кітапхана қызметкерлері үшін ХҚКО басшысы Е. М. Нұрахметов " e.gov.kz портал қызметтерін қалай пайдалану керек" атты өзекті практикумын өткізді.
ОКЖ директоры Адамова М.Н. семинар-кеңес жұмысын қорытындылады. Семинарға 28 кітапхана қызметкері қатысты. 

Балалармен жұмыс жасау әдіскері: Умарова А.Е.

FOTO