«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» аудандық Фестиваль күнделігі 

        «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты аудандық Фестивальдің ІІІ қорытынды кезеңі аяқталды /әрі Фестиваль/. «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры М.Н.Адамованың, ОКЖ әдіскері А.Н.Чикишеваның,  ОКЖ әдіскері Р.Н. Фахирслямованың, балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер А.Е. Умарованың, ОКЖ библиографы Г.С.Кабитованың, кітап комплектілеу бөлімінің кітапханашылары Г.П. Крооның, А.С.Садыкованың құрамында әділ қазылар ретінде  23 - 30 сәуір аралығында Фестивальдің барлық кітапханалық шараларға қатысты.

Алакөл модельдік ауылдық кітапхана

Кітапхана ұлы ойшыл Абай Құнанбаевты таңдады. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Кітапханашы викторинаға жақсы дайындалған: жауап берерде көтеретін ту макетін жасаған, жылжымалы тақтаға түрлі-түсті түрде екінші геймнің сұрақтарын жапсырған, қатысушыларға  тәтті сыйлықтар.  Сайыс мемлекеттік тілде өтті. Телевизор экранында  - Абайдың суреті мен қара сөздері жүгіріп тұрды. «Желсіз түнде жарық ай» әнін оқырман қыз керемет орындап берді.
Алакөл кітапханасының Абайға қатысты сахналық көрінісі Абай мен ұлы Әбдірахманмен әңгімесі қойылды. «Өмірде ақ зат  асыл ма қара зат  асыл ма?» деген әңгіме:
Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?
Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:
- Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:
- Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петерборға жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:
- Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:
- Ақ зат асыл ғой, - деді.
- Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:
- Қараны қалай асыл дейсіз? - деді. Мен:
- Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен кереді емес пе, - дедім,- Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел. Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды. Сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.
Сонда Әбіш:
- Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді.
- Ақылмен білдім, - дедім мен.
- Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!
Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді.
Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.
Жалпы Алакөл кітапханасы сыннына сүрінбей өтті.
Фестивальдің белсенді оқырмандары: Устапаева  Ф., Қайыргелді А., Қараталова А., Мугдинова Ф., Кушукпаева А., Жамикенова Д., Каримова М., Нихельман С., Смагулов Е. , Асетұлы Е., Оразбаева М. 

Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер:             А.Е.Умарова

FOTO

Жаңа жұлдыз  модельдік кітапханасы

 Біздің назарымызға Кенесары ханның өмірі мен өмірлік күресін көрсетуге тырысты.  Кенесары́ хан  (қаз. Кенесары Қасымұлы; 1802, Бурабай тауларының маңында дүниеге келді. Ақмола обл. — 1847, Қырғызстандағы Қарасу өзенінің жағасында Кекілік-Сеңгір таушығының маңында) — қазақ сұлтаны, чингизид, Абылай ханның немересі— қазақтың үш жүзінің соңғы ханы.
Қазіргі Қазақстанда 1837-1847 жылдары  Ресей империясынан тәуелсіздік алу үшін қазақтар үшін ұлт-азаттық соғыстың мемлекеттік дәрежедегі көшбасшысы ретінде саналады.
Викторина сұрақтары миниатюрамен араласты. Сахналық көрініс Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене» атты «Көшпенділер» триллогиясының негізінде қойылды.  Хан өмірінің бірнеше эпизоды көрсетілді: Поляк Иосиф Гербут пен сұлтанның әңгімесі; Кенесары хан атасы Абылайдың көрген түсін  Таймас пен Әбілғазыға айтып отырғаны. Сахналық көріністен кейін жауабы осы миниатюрада айтылған сұрақ қойылып отырды. Миниатюраны зейін қойып тыңдаған қатысушы жауабын біліп отырды. Геймдер сұрақтары да өте танымды болып және қойылған көріністер нлдн болған тарихи өзгерістер туралы ой салды.
Жаңа жұлдыз кітапханасы өзі таңжаған осы тақырыпты аша білді деуге болады және қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы көрермендер білім алды деп сенеміз.
Фестивальдің белсенді оқырмандары: Скурлатов А. В., Ермалаев Е.П., Камалов Р.Т., Сагандыкова  А. М., Калькина  А. К., Алигазина А. Н., Жаскайратов Д. Т., Сатканов Д.  К., Жостлекова К. М., Сейлканова К. Е., Шамбулов Р.Р.,  Аубакирова А. К., Раисова Ж. С., Казанцев В.А. 

Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскері:  А.Е.Умарова

FOTO

Озерное ауылдық кітапханасы

Кітапхана «Бауыржан Момышұлы» тақырыбын таңдап, өз саханалық көрінісн Александр Бектің  «Волоколамское шоссе» повесінен үзіндіні көрсетті. Бауыржан Момышұлы ( Момыш-Улы) (қаз. Бауыржан Момышұлы; 1910—1982) — Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, Мәскеу шайқасына қатысқан, жазушы/.
Зал безендірілуі  мен  сахна қоюшы оқырмандардың костюмдері тақырыпқа сай болды, миниатюраны балалар жақсы ойнады, алдын-ала дайындалғаны көрініп тұрды, барлығы сөздерін жатқа біліп тұрғаны мақтанышты. Басқа кітапханалармен салыстырғанда, бұл кітапхана тақырыбы өзгеше, себебі хан мен батырлардың өмір сүрген ғасырлары әрірек, ал бұл батыр – біздің заманымыздың жазушысы. Оқырмандарымыз батырдың фронтқа кетер алдында отбасымен қоштасқан кезін сахналады.
Ал викторинаға Озерный мектебінің мұғаімдері мен оқушылары екі топ құрып, қатысты. Барабанды айналдырып, түскен сұраққа жауап беріп отырды. Геймдер қатысушыларға да, көрермендерге де қызықты да танымды болды.
Фестивальге белсенді қатысқан оқырмандар: Ахметова А., Мухтарова Д., Сапаров Ж., Шаяхметова А., Кочегарова С., Аманжолова А., Оспанов Т., Султанбекова Р. 

Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскері:  А.Е.Умарова

FOTO