«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» аудандық Фестиваль күнделігі 

«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты аудандық Фестивальдің ІІІ қорытынды кезеңі аяқталды /әрі Фестиваль/. «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры М.Н.Адамованың, ОКЖ әдіскері А.Н.Чикишеваның,  ОКЖ әдіскері Р.Н. Фахирслямованың, балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер А.Е. Умарованың, ОКЖ библиографы Г.С.Кабитованың, кітап комплектілеу бөлімінің кітапханашылары Г.П. Крооның, А.С.Садыкованың құрамында әділ қазылар ретінде  23 - 30 сәуір аралығында Фестивальдің барлық кітапханалық шараларға қатысты.

 

Уәлихан ауылдық модельдік кітапханасы

Кітапханашы Абай Құнанбаевқа арнап,  тақырыптық полка безендірді. Бұған Абай портреті, оның қара сөздері, шығармалары, өлеңдер жинағын қойды.
Викторина кітапханада жоғары сынып оқушылары арасында өтті.   «Оқиға мен даталар» гейміне ұлы ойшылдың өмірінен алынған оқиғалар сұрақ ретінде  енді.
Сахналық көріністе Уалихан кітапханасы Абай мен оның досы Байжан арасында әңгімені койды. Абай әндерінен  Из песен Абая была исполнена песня «Көзімнің қарасы».   

ОКЖ әдіскері:  Р.Н.Фахирслямова

FOTO

Еңбекші модельдік кітапханасы

Кітапхана Махамбет Өмісұлы тұлғасын ашуға бел байлады. Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Кітапханалық шара мектеп қабырғасында өтті.  Ойынға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Барлық сұрақтар оқырмандардың жас ерекшелігіне сай.
Еңбекші ауылдық кітапханасы Махамбеттің тұлғасын ашатындай сахналық көрініс қоюға мұғалімдер қауымын қатыстырды. «Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны» шығармасы керемет әсерлі оқылды.
Махамбет хорунжий Тұрымұлының қолынан қаза тапты. Еңбекші кітапханасы Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» атты шығармасынан «Әке үкімі» атты үзіндісін көрсетті.  Махамбетті алдап, өлтіргені туралы, сұлтанның қолынан ішік киген жауыздың әкесімен әңгімесін көрсетіп, соңында әкесі баласын садақпен атып, өлтіргені өте әсерлі көрсетіліп, Махамбет туралы білімдерін кеңейте түсуге көрермендер мен оқырмандарымыздың қызығушылығын арттырдық деп сенеміз.
Фестивальдің белсенді қатысушылар: Есенова А.М., Ахмединова Н.Ж., Шекенова Л., Кислых А., Альжанов А., Кабыкенов Ч., Смаилова Г., Смаилов Д., Таган Ю., Шамшидова М., Смаилов А., Ибраева Д., Сулейменов А., Ибрагимова С., Тлебалдина К., Смаилов А., Байсарин С.

ОКЖ әдіскері:  Р.Н:Фахирслямова

FOTO

Лесное ауылдық кітапханасы

Кітапханашы әйгілі академик, ғалым Қаныш Сәтпаевты тақырып ретінде таңдады.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.       
Бұл сайыс Озерное кітапхансы секілді мұғалімдермен жоғары сынып оқушыларын жинады. 1 гейм сұрақтарында қазақ жерінде қанды шайқастар мен атаулы күндер туралы болса, екінші гейм толығымен Қаныш Сәтпаевтың өмірі туралы болды.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы Атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде Қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған – Ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде Жезді марганец кені барланып, іске қосылған.
Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып, ондағы бөлімдерді, оған қарайтын институттарды, зертханаларды, секторларды, базаларды дұрыс жоспарлаған. Ғылыми кадрлар дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының мүддесіне бағыттап, шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысқан. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев аштықтан иесіз қалған ауыл балаларына өз көмегін көрсеткені туралы сөз етілді.  Көреремендер де, ойынға қатысушылар да өздері үшін көп ақпарат алды.

Фестивальдің белсенді оқырмандары: Жантемирова Б., Шмальц Н., Сабитова Г., Дюсенов Е., Каширин Р., Лизунова С., Дюсенев Е.

ОКЖ әдіскері: Р.Н.Фахирслямова

FOTO