«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» аудандық Фестиваль күнделігі 

«Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты аудандық Фестивальдің ІІІ қорытынды кезеңі аяқталды /әрі Фестиваль/. «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры М.Н.Адамованың, ОКЖ әдіскері А.Н.Чикишеваның,  ОКЖ әдіскері Р.Н. Фахирслямованың, балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер А.Е. Умарованың, ОКЖ библиографы Г.С.Кабитованың, кітап комплектілеу бөлімінің кітапханашылары Г.П. Крооның, А.С.Садыкованың құрамында әділ қазылар ретінде  23 - 30 сәуір аралығында Фестивальдің барлық кітапханалық шараларға қатысты.

Башмашын   модельдік ауылдық кітапханасы

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Міне, осы тұлғаны Башмашын   модельдік ауылдық кітапханасы таңдады. Бұл кітапхана  сахналық көріністі викторинамен бірге көрсетуге талпынды. Екі дәуір адамдары ойынға қатысты – балалар мен апалар. Сценарий бойынша, әжесі мен немерелерінің әңгімесі барысында осы қазіргі күні барлығының қолында бар- телефондардың пайдасы мен зияны сөз болды. Әжелер немерелеріне талап қойды: қолыңдағы телефоныңнан Ыбырай туралы ақпарат алып берсенң керекке жаратқаның деп. Бала, әрине, көп ұзамай ақпаратын да, презентациясын да тауып, оқып берді.  Кейін осы оқылған ақпарат бойынша екі дәуір өкілдері сайысып, соңында  рефлексия анкетасын толтырды.
«Халық ұстазы» туралы алған ақпаратты қанжағасына байлап, көкремендер алғыстарын білдірді.
Фестивальдің белсенді оқырмандары: Шевченко Н.В., Жуликенова А.А.,  Курипка Л.М., Оспанова К.А., Никандрова А., Ротермель Е., Толеубай Н., Андронова В.

ОКЖ  әдіскері: А.Н.Чикишева

FOTO

Березовка ауылдық кітапханасы

Кітапханашы қазақтың қоғамдық және мемлекеттік қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ғалым, әдебиетанушы, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың тұлғасын таңдады.
Байтурсынұлы керемет әдебиетші, лингвист, педагог болған.  Ол қазақ жазуын араб графикасы негізінде реформалап, шетелде тұратын миллиондаған қазаққа  ана тілін білуге мүмкіндік берді. 1912 жылы Ахмет Байтурсынұлы барлық араб ғаріпін алып тастап, қазақ тіліне тән 9 төл дыбысты енгізді. Жаңа  алфавит  «Жаңа Емле» деген атпен Қытай, Ауғаныстан, Иранда өмір сүріп жатқан қазақтармен әлі күнге дейін қолданылады.
Викторина мектеп қабырғасында өтті.  Оған ауыл мұғалімдері, әкімшілік қызметкерлері қатысты. Көрермендер ретінде оқушылар мен мұғалімдер жиналды. Презентация өте қызықты болды, себебі гиперссылка арқылы сұраққа басқан кезде ашылып отырды.
Березовка ауылдық кітапханасы өз миниатюрасында автор сөзіне Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен күресін сахналауға тырысты. Бұл миниатюраға ауыл жастары құлшына қатысқаны қуантты.
Фестивальдің белсенді оқырмандары: Курлиутова Н., Курлиутов А., Калиев Е., Капсатаров Т., Кубжесаров А., Полежаева Ю., Увалитов К., Калинчук К., Максимова Я., Максимова В.

ОКЖ әдіскері: А.Н.Чикишева

FOTO

Михайловка модельдік ауылдық кітапханасы

Михайловка модельдік ауылдық кітапханасы балалар кітапханасымен бірігіп, Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша өз жұмысын көрсетті.
Қазақтың ақыны және батыры  Махамбет (1803 – 1846) қазақ халқының ұлт-азаттық, антиколлониалдық идеологиясы ретінде және  ұйымдастырушысы болып табылады.
Сайыс жоғары деңгейде өтілді, жастар мен оқушылар қатысып, жеңісті оқушылар әкетті, себебі, олардың мектеп бағдарламасында тарихи сұрақтардың барлығы бар, оқылады. Сонымен қатар, бұл кітапхананың шарасына көрермендер қауымы көп келді. Әрине, бұл үлкен жетістік.
Миниатюра ретінде Михайловка кітапханасы аруақ пен Махамбеттің диалогын алған-ды. «Жырдың алмас қылышы» атты Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы негізінде қойылған.
Фестивальдің белсенді оқырмандары: Позднякова Г., Попадюк Г., Сударева Е., Бычков А., Савченко Т., Алеушинова О., Брулевич Т., Алеушинов А., Лабутина К., Ротфус Д., Черняева К., Гайдар А., Мельникова Л., Голованыч А., Позднякова Г., Өтеубек Ж. 

Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскері: А.Е. Умарова

FOTO

Приертіс модельдік ауылдық кітапханасы

Кітапхана  «Кобланды батыр» тақырыбын таңдады. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан Ақжол би атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан:
"Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?
Сексен асып таянғанда тоқсанға,
Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —”
деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі. Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.
Қобланды батырдың өмірі жайында осы деректерді Приертіс мектебі өз миниатюрасында көрсетті.  Костюмдер,  бейнелері – барлығы сол ғасырға сәйкес жалпы көріністі бейнеледі.
Екі геймді сайыс қызықты өтілді, сайысқа жоғары сынып оқушылары қатысты.  Әр 10 сұрақтан кейін (жалпы 40 сұрақ) қазақтың ұлттық ойындарын демонстарциялап отырды: қармақ ілмек, керіспек, арқан тартысы.
Фестивальдің белсенді қатысушылар: Быкова Е., Мергалимова А., Галайбо А., Кузнецова С., Давыдченко С., Казанцева Алла., Казанцева В., Шарапова Н., Юрьев Н., Казанцев В., Ковалева Н., Багжикова А. 

ОКЖ әдіскері:  А.Н. Чикишева

FOTO