«Домбыра халықтың мұрасы»
/тарихи сабақ/

Қазақстан екінші жыл  шілденің алғашқы жексенбісі домбыра күнін атап өтеді.
4 шілде күні аудандық кітапханада «Домбыра халықтың мұрасы» атты тақырыпта тарихи сабақ ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Жастардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру.
Домбырадан – таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазына, қазақ тіліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіске бағыттау.
Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларын үйреніп және пән аралық байланыстарын түсіндіру.
Шараның қонақтары  «Нұрлы Мерей» ҚҚ ның мүшелері. «Нұр Ана Әлемі» ҚҚ ның мүшелері және жас өспірімдер мен  балалар. Мерекелік шараны аудандық кітапхананың кітапханашылары Серуен Зоя мен Қималиденова Ақерке жүргізді. Шарада Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі Кремлде ойнаған күйлерінен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар «Ақсақ құлан»ертегісі көрсетілді. Бұл жерде домбыра өзінің иесін қалай құтқарып қалғандығы туралы әңгімеленді. Бүгінгі жастарымыздың бұ ертегіні көрмегендеін де жасырмады.
Шара барысында «Күмбірле-күмбірле күй төккен домбыра»  атты кітап көрмесі ұйыдастырылып, қонақтардың назарына ұсынылды.
Мерекелік  шарада Баяхметов Мағжан Адай мен Балбрауын күйін ойнап берді.
Шара соңында аудандық кітапхананың директоры келген қонақтарға алғысын айтып, бүгінгі күннің маңыздылығымен атап өтті.

FOTO