Семинар-диалог

«Балалардың бос уақыты-маңызды іс»

Ағымдағы жылдың 18 қазанында ОКЖ-нің әдістемелік бөлімі ауданның кітапхана қызметкерлері үшін "Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану" тақырыбында семинар-диалог өткізді. Семинар жұмысына Железин № 2 және № 3 мектептерінің кітапханашылары да қатысты.
Шараның басты мақсаты ретінде кітапханашыларға ауыл балаларының  бос уақытын тиімді пайдаланып, дұрыс  ұйымдастыру және жұмыстың негізгі бағыттары бойынша әдістемелік көмек беру болатын.   
Семинарды ОКЖ директоры М. Н. Адамова ашып жүргізді. ОКЖ кітапханаларында балалар мен жасөспірімдердің  бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы балалармен жұмыс  жасау бойынша  әдіскер А. Е. Умарова сөз сөйледі.
Семинар жұмысын Железин № 2 ЖББОМ кітапханашысы Т. С. Дегтярева "Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру аспектісінде балалар оқуының қазақстандық картасы" консультациясымен жалғастырды.  Өз сөзінде ол бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдердің көптеген әлеуметтік топтарында оқырмандық мәдениет деңгейінің құлдырау үрдісі жүріп жатқанын айтты. Кітап бірнеше ұрпақта басым рухани  құндылықтарға ие емес. Бұл мәселені шешу үшін осы жоба құрылды, оның мақсаты аз оқитын және оқымайтын балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арту болып табылады. Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша шет ел кітапханаларының жұмыс тәжірибесіне тоқталды. Семинар қатысушылары шет елдердің кітапханаларында қызықты кітаптар ғана емес, ойын алаңдармен жабдықталғанын да атап өтті.

Железин № 3 ЖББОМ кітапханашысы Б. Б. Касанова "Мектеп кітапханасы -  шығармашылық шеберхана " тақырыбына слайд-кеңесін ұсынды. Әріптесіміз мектеп кітапханасының оқушылармен тығыз байланысы, баланың шығармашылық және зияткерлік  қабілеттерінің дамуына үлес қосатының ерекше атап өтті.
Үзілістен кейін семинар-диалог жұмысы «Филиалда балалар босқа отырмасың десеңіз...»  ашық  диалогпен жалғасты, онда кітапхана қызметкерлері балаларға арналған ақпараттық-мазмұнды іс-шараларды ұйымдастырудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Веселая роща модельдік а/к кітапханашысы Кенжебаева А. Д. баланы кітапқа және оқуға тартудың жаңа тәсілдерін ұсына отырып, әріптестеріне балаларға танымдық ойын-сауық ойындарын, мысалы, балалар фольклоры бойынша : жұмбақ шешу, тақпақтар, санауыштар; балалардың көркем шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстарды орындау-сурет салу, мүсіндеу, бұйымдарды қолдан жасау, бояу және т. б. ұсынды.
«Кітапханада қазіргі заман балаларын немен қызықтыруға болады?" атты баяндамасында, Башмашын модельдік а/к кітапханашысы Э. В. Ротермель балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру барысында,  жұмыстың ойын формаларының рөлі мен мәні зор екенің  атап өтті. Михайловка балалар кітапханасындағы "Родничок" клубының  тәжірибесімен Л. В. Суханова бөлісті.
Семинардың негізгі бөлімін балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер А.Е.Умарова «Балалыққа мекенделген» атты әңгіме-сағатымен аяқтады.  Өз сөзінде  кітапханашыларға балалардың бос уақытын ұйымдастыру жұмысында  интеллектуалды-танымдық, әдеби ойындарды, квест-ойындарды  және т. б. қызықты формаларды белсенді пайдалануды ұсынды.
Семинар соңында кітапхана қызметкерлері 2019 жылға арналған жоспарлау, ОКЖ кітапханаларындағы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясының барысы және кәсіби қызметтің басқа да ағымдағы мәселелерін қарастырды.

Умарова А.Е. ОКЖ-нің балалармен жұмыс бойынша әдіскері

FOTO