Қазақстан халқының бірлігі күнінің қарсаңында, аудандық орталық кітапхананың конференц залында этно-мәдени орталық жетекшілері мен ауданның Құрметті азаматтары, аудан жастарының қатысуымен, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы – бірлік, татулық және достық нышаны» атты «Дөңгелек үстел» өтті.

 Дөңгелек үстел мақсаты – жастар арасында, ауызбіршілік пен бірлік бұлағы болып отырған, Қазақстан Халқы Ассамблеясының маңыздылығын түсіндіріп тарату.

Шараны аудан мәслихатының хатшысы П.Э.Лампартер ашып жүргізді. Ол шақырылған қонақтарды таныстырды. Бүгінгі таңда ауданымызда 30-дан астам этнос өкілдері тұрып жатыр. 6 этномәдени ұйымы бар: славян, татар-башқыр, грек, неміс белорус орталығы, және мұсылман әйелдер лигасы.

Қатысушыларымыз Қазақстан халқы Ассамблеясын өткізу туралы өз пікірлерін білдірд, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрылу тарихы туралы, оның этномәдени орталықтары туралы әңгіме құрды. Құрметті қонақтарымыздың әңгімелері үлкен қызығушылық тудырды.

Шара соңында қонақтар «Біздің рухани құндылығымыз» атты кітап көрмесімен танысты. Бұл көрме Қазақстан халқы Ассамблоеясының құрылу ждәне даму тарихын суреттеп берді.

Оқу залының кітапханашысы С. Тлегенова