«Елбасы   жолдау -  халыққа арнау»

   Жиналысты «Железин ОКЖ» ММ директоры  М.Н.Адамова ашты. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясының Железин аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.С.Сарсенов.

Өзінің баяндамасында ол «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының негізінде Үшініші жаңғыртуды өткізу маңыздылығын белгіледі.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Жолдауында негізгі бес басымдылық белгіленді. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Енді цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустриялар өркендетіледі. М.Н.Адамова Жолдауда белгіленген, экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған, негізгі басымдықтардың қысқаша шолуын жүргізді. Қазақстанның технологиялық жаңғыруы жағдайда кітапханалар алдына қойылатын міндеттерге ерекше көңіл бөлінді. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Әлеуметтік маңызды баспалардың бағдарламасы бойынша басылған кітаптар, бірегей ақпараттық жүйеге еңгізілуі тиіс.

Кітапхананың қызмет көрсету бөлімімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша слайд-презентация дайындалды.

Шара соңында «Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова ұжымның Президент саясатын толықтай қолдайтынын айтты.

Талқылау қатысушылары Жолдауда белгіленген басымдықтар – Қазақстанның одан әрі көркеюге қарай дұрыс қадам екенін белгіледі.

Оқу залының аға кітапханашысы С. И. Тлегенова

Все фото