«Қазақ еліне тағзым»

 Аудандық орталық кітапхана мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, ағымдағы   жылдың  1 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде алғыс айту мерекесіне арналаған диалогты кездесу өтті. Шараға  ауданның   құрметті азаматтары, өзге ұлт өкілдері  мен метеп оқушылары, колледж студенттері сонымен қатар дін өкілдері қаттысты.

Шара шымылдығы  «Алғысым саған шексіз, менің Қазақстаным» атты видео-галериямен  ашылды. Ауданымыздың құрметті азаматтары, жиналған  жастарға  бастарынан өткен тарихтарынан сыр шертті. Солардың ішінде Бакжиков Мұрат Хасанұлы тарихи оқиғаларға тереңірек тоқалып өтті.

Шара соңында ауданның құрметті азаматы, «Ақниет» аудандық қайрымдылық  қорының комиссия төрағасы  Анатолий Иванович Прокопцовқа сөз берілді. Ол өз сөзінде сонау 30 жылдары өзге  ұлт өкілдерінің Қазақстан жерінен пана тапқандарын айта келе, шексіз алғыстарын білдіре отырып өз сөзінің соңында «Ақниет» қорына тоқталып өтті. Бұл «Ақниет» қайырымдылық қоры да осындай  ізгі ниеттерге арналған, бүгінгі күнде көмекке мұқтаж жандарға жәнеде басқа да мұқтаждыққа ақшалай берілетін қамқорлық қоры екендігін жастарға түсіндіре отырып,  15 наурыз күні осы аудандық мәдениет үйінде осы «Ақниет» қорының акциясы өтетіндігін атап өтті.

Шара соңын аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері шағын концерттік бағдарламамен аяқтады.

«Мәңгілік   достық» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

 Аудандық кітапхананың кітапханашысы Серуен З.

Фото