«Елулікке енгенің – ертеңіңе сенгенің»

Аудандық орталық кітапханасы аудан әкімінің есептік кездесуіне дайындалған, кітаби-көрнекті көрме дайындады.
Көрменің мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім беру, терең патриотизм сезімдерін қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстанның жетістіктерімен, бүкіләлемдік ЭКСПО 2017 көрмесінің материалдарымен таныстыру.
Көрме Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 100-жылдығына, «ЭКСПО-2017» Халықаралық арнаулы көрмесіне, қысқы Универсиадаға, Железинка ауылының 300-жылдығына арналған болатын.
Кітаби-көрнекті көрмеде кітап қорынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 38 кітап ұсынылды. Кітаби және мерзімді басылымдар материалдары тәуелсіз Қазақстанның рәміздерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер мерекесінің тарихымен таныстырады. Бұл әдебиетте Мемлекеттік рәміздердің авторлары туралы, олардың Ту және Елтаңба эскиздарымен жұмыс жасағанда естеліктері туралы мәліметтер ұсынылған.

Оқу залының аға кітапханашысы  С.И. Тлегенова