Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Железин аудандық кітапхана абонементі Железин агротехникалық колледжінің І курс студенттері үшін экскурсия өткізді.  Абонемент кітапханашысы  Кудлаёва Т.Ю. кітапхананың жұмыс уақытын, кітап қорларының жинақталуын, өткізіліп жатқан іс-шаралар, каталог туралы сөз етті.  Әлеуметтік желілердегі іс-шараларды қарауды ұсынды.

          «Ұлы даланың  ұлы есімдері» атты кітап көрмесінің шолуын жасады.  «Бір ел – бір кітап» республикалық акция шеңберінде студенттерді еліміздің осы жылы оқып жатқан кітаптарымен таныс етті: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы».

    Келген қонақтарды басқа да кітап сөрелерімен таныстырып,  «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері»  атты кітап көрмесі бойынша 2020 жылдың мерейгер ақын-жазушыларымен таныстырды. Атақты ғалым саяхатшы, этнограф, ағартушы, тарихшы, энциклопедист Шоқан Уәлихановтың 185-жылдығына арналып жасалған  сөреге шолу жасады.  

Абонементтен кейін студенттер оқу залына келді. Онда қонақтарды кітапханашы Жантемирова А.А. қарсы алып, оқу залымен таныстырды: студенттерге кітап қорында бар анықтамалық әдебиет ұсынылды,  периодикалық басылымдарды көрсетіп, студенттерді мерейгер ақын-жазушылардың құрметіне қойылған сөрелермен таныстырды.       

Сонымен қатар Алтын Орданың 750-жылдығына арналып қойылған кітап көрмесіне шолу жасады. Жастарды «Баспа беттеріндегі Қазақстанның өткені» атты жинақ қазақтырды.  Олар К.Бегалиннің «Алтын Орда хандары» кітабы бойынша сұрақтар қойды. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы ерекше қызытырды.

Студентер іс-шараларды бірігіп өткізу бойынша өз ұсыныстарын жасап, кітапханашыларға алғысын білдірді. Шараға 18 жас қатысты. 3 жаңа оқырман кітапханаға жазылды.

Абонемент кітапханашысы:        Кудлаева Т.Ю.