«Коворкинг-орталығы – кітапхананың жаңа келбеті»

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Михайловка модельдік ауылдық кітапханасында коворкинг – орталығының  тұсауы кесілді. Шараға ауыл тұрғындары – еңбек ардагерлері, Михайловка селолық округы әкімшілігінің мемлекеттік қызметкерлері, Михайловка ЖББОМ мұғалімдері, ауылда қызметте жүрген  жастар, Павлодар облыстық «Ертіс» арнасының түсірілім тобы, «Туған өлке» және «Родные просторы» жергілікті газеттерінің зурналистері, ауданың кітапхана қызметкерлері қатысты. 
Коворкинг орталығының ашылуы - аймағымыздың кітапханалары үшін, жаңа пайдаланушыларды тартуға және жаңа жұмыс түрлерін еңгізуге мүмкіндік беретін  технологиялық арту. Табысты жұмыс істеу үшін бұл жерде 5 түрлі зона қызмет етеді. Кітапханадағы коворкинг орталығы – достарыңмен, ниеттестеріңмен қатынасуға, компьютермен жұмыс істеуге, ұнаған кітабыңды оқуға, жаңа  қызықтыны үйренуге, ойнауға, өз шығармашылық қабілеттеріңді арттыруға мүмкіндік беретін жер. Бұл жерде іскерлік кездесулер, пікірталастар, клубтар, мастер-класстар, курастар, тренингтер ұйымдастыруға болады. Ең маңыздысы – коворкинг орталықтың барлық қызметтері - тегін.
Ауданымыздың тұрғындарын Михайловка модельдік ауылдық кітапханасында орналасқан коворкинг-орталығына шақырамыз.

Чикишева А.Н., ОКЖ әдіскері

FOTO