Заманауи тарих шежіресі

2018 жылдың 28 қарашасында орталық аудандық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылы «ҚАЗақпарат» баспасында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітабымен танысу мақсатында «Тәуелсіздік жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.  Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Кітапта әр бөлімнің өзі бірнеше тараулардан тұрады. Олардың да атауларына зор мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген.
Дөңгелек үстел жұмысына аудандық сот төрағасы Ғ.М. Ертаев, аудан прокуроры М.Ж.Касымов, селолық округ әкімі К.Ж.Айсаков, Железин ауданының құрметті азаматтары А.М. Гасанов, А.И.Прокопцов,В.И.Мельник, К.К.Нургалиева,   «Туған өлке» аудандық газетінің редакторы М. Мухамет, аудандық мешіт имамы Т.М.Кусаинов, №3 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі А.С.Чужаев, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, аудан мектептерінің оқушылары қатысты.
Іс-шараны кітапхана директоры М.Н. Адамова ашты. Әрі қарай  сөз аудандық сот төрағасы Ғ.М.Ертаевқа берілді, ол сот жүйесінің реформалауына тоқталып өтті. Железин ауданының сот жүйесінің тарихында болған жайларды мысалға келтірді. Сонымен қатар, Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында еліміздің даму кезеңдері, президент аса бақылайтын басты мәселелер, ішкі және сыртқы саясат кеңінен қарастырылғанын айтып берді.
Аудан прокуроры М.Ж. Касымов Президенттің халық пен өкімет алдына  қоятын реформалар мен талаптар мәнін түсіндіріп өтті.   
Железин ауданының құрметті азаматы К.К. Нургалиева Елбасының сауатты саясатын, Қазақстанның тәуелсіздік жылдар бойы жеткен жетістіктерін айқындады. Тәуелсіздік жылдар бойы біздің еліміз бүкіл әлемге танымал болып,  әлемнің 30 дамыған еліне енді.   
Дөңгелек үстел қатысушылары кітаптың өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын ескерді. Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанның тарихын білуі тиіс.
Шараға «Тәуелсіздік дәуірі – егеменді елдің шежіресі» кітап көрмесі қойылып,  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз жылдар бойы жазған кітаптары ұсынылды.  

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Тлегенова С.И.

FOTO