2019 жылдың 20 қарашасы күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақстандық жазушы Герольд Бельгердің 85 жылдық мерейтойына арналған «Герольд Бельгер – дәуір тұлғасы» атты тақырыпта әдебиет сағатын өткізді. Герольд Бельгер – қазақстандық аудармашы, прозашы, публицист, әдебиеттанушы, көптеген романдардың, повестердің және әдеби-сыни жұмыстардың авторы. Оның шығармаларының көбі ресейлік немістердің тарихи жолы мен қазіргі жағдайы, олардың ұлттық әдебиеті.
Аталмыш шараға Железин ауданының құрметті азаматтары  Гасанов А.М., Прокопцов А.И., полиция ардагері Рыбин В.В., педагог ардагер ұстаздар Камкова Л.О.,өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы,  Ряднова Л.К.,  №1,2,3 ЖББОМ- нің кітапханашылары мен оқушылары және ұстаздары сонымен қатар агро-техникалық колледжінің студенттері қатысты.
Шараның модераторы-Адамова М. Н. - "Железин ОКЖ" КММ директоры.
Акифа Мамедович Гасановтың шын жүректен шыққан сөзін, қатысушылар мұқият тыңдап, жазушының өмір баянымен толық танысып шықты.
Оның "Дом скитальца" шығармасынан орыс, қазақ және неміс тілдерінде әндер шырқалды. Оларды жұбайлар Проскуряковтар орындады.
Шараға қатысушыларға,  бірегей тұлғаға арналған бейне-презентация көрсетілді, көрсетілген бейне баян қонақтараға  өте жақсы әсер қалдырды. Роликтерде Г. К. Бельгердің өзі үш тілде сөйлейді.
Кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Г. К. Бельгердің шығармаларына  шолу жасады.
"Бұл әдеби сағат тамаша өтті деп үміттенеміз. Кездесудің барлық қонақтары ерекше көңіл-күймен өтіп, жүрегін сындыра отырып, болып жатқан оқиғаларды бақылап, жан-жақты әңгімелесті.

Кітапханашы Серуен Зоя.

FOTO