«2019  жылдың үздік оқырманы»

Жаңа жыл қарсаңында «2019 жылдың үздік оқырманы» атты аудандық кітапханалық сайыстың қорытынды іс-шарасы өтті. «Шабыт» шығармашылық және жастар орталығының мәжіліс залында кітапқа деген сүйірспеншілік сезімі біріктірген кітапхана оқырмандары мен іс-шара қонақтары жиналды.
Біздің кітапхана оқырмандары өздерінің жай ғана оқырман емес, талантты оқырман екенін дәлелдей алды. Олар өз оқығанымен бөлісіп, қызықты шығармаға ұсыныс бере алады. Салтанатты шарада  жылдың үздік оқырмандары аталды. Ең алдымен ОКЖ директоры Адамова М.Н. аталмыш  шараның тұсаукесері екенін айта кетіп, барлық оқырмандарды құттықтап, оқырмандар мен қонақтарға алғысын білдірді.
Шараға ауылдық кітапханалар оқырмандары да келді. Оқырмандарды марапаттау церемониясы төрт номинациясы бойынша өтті: «Кітап оқу чесмпионы» номинациясына атаулы жылда ең көп кітап оқыған оқырмандар қатысып, Ақтау ауылдық кітапханасының оқырманы  Шукубаев А. К. жеңімпаз атанды, аталмыш номинацияда оқушылар қауымынан Железин № 3 мектепбінің 3 сынып оқушысы Шарипов Ануар Дипломға ие болды;
Алакөл ауылдық кітапханасының оқырманы Зыбина Л.Н. және орталықтандырылған аудандық кітапхана оқырманы  Ильясов А. «Кітап гурманы» номинациясымен марапатталды. Оқушылардан Железин № 2 мектебінің 6 сынып оқушысы Сергазина Әсем аталмыш номинацияға ие болды; Бір жанрда оқитын оқырмандарды «Бір жанрлы оқырман» номинациясына жинақтап, жеңімпазы болып орталықтандырылған аудандық кітапхана оқырманы Камзин К.М. және  Михайловка балалар кітапханасының 6 сынып оқушысы   Скугарев А. атанды; «Кітапхана белсендісі» номинациясының жеңімпаздары кітапхана шараларына белсенді қатысушыларынан іріктелді.  Бұл номинацияға орталықтандырылған аудандық кітапхана оқырмандары   Прокопцов А.И., Абылгазина Р.А., Гасанов А.М., Нургалиева Г.К., Железин № 3 мектебінің 9 сынып оқушысы Балгабаева Д., және ауылдық кітапхана оқырмандары Татевосян Г.Н., Максимова В.А., Позднякова Г.Ф, Бычков А.С., Дынасылов М.Н., Мельникова К., Жакупова К., Шабалина В. ілікті.
Сайыстың ұйымдастырушылары ең кішкентай оқырмандарды да  марапаттады.  Еңбекші ауылдық кітапханасының оқырмандары қатарына кіріп, аз жасына қарамай, әр шараға қатысып,  үлкен-үлкен тақпақтар жаттап жүретін Шекеновой Л. Мен Кажымовой С. сахнада өнер көрсетіп, бала тәрбиелеу ісінде көп ата-анаға, ата-әжеге үлгі болды.
«Библиотерапия» жобасы шеңберінде оқырмандаға таратылған кітаптарды оқып, сол оқыған кітапқа біздің оқырмандарымыз аннотация жазды. Жыл соңында осы аннтоциялардың ең жақсы жазылғаны іріктеліп,   Нисон Ходзыдың «Дорога жизни» кітабына жазғын номинациясы бойынша Еңбекші ауылдық кітапханасының 5 сынып оқушысы  Жолдыбаев А. марапатталды.
Павлодар облысының мәдениет, тілдер бөлімі және мұрағат ісінің Басқармасының Алғыс хатымен С.Торайғыров ат. облыстық кітапхана ұйымдастырған  #Маған28 облыстық челленджіне қатысқан   Жаманбалинова Р. Т., Чужаев А. С., Абдреев А. марапатталды.
Сайысқа қатысушылардың барлығы мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

ОКЖ әдіскері
Фахирслямова Р.Н.

FOTO