«Ата салтын ардақтайық»

 Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.
18 наурыз күні Железин ОКЖ «Ата-салтын ардақтайық. Наурызым-шапағатым» атты мерекелік той-думан өткізді. Бұл мерекелік іс-шараға оқырмандар, Железин ауданының құрметті азаматтары, ақсақалдар, әжелер, бөлім бастықтары, этно-мәдени орталықтар, аудан жастары және «Нұрлы мерей» қоғамдық қор тәрбиеленушілері шақырылды.
Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен құшақтасып, қол алысады. Біздің қонақтарымыз да бұл дәстүрден алыстамай, бір бірімізбен құшақтасып көрісті. Ақ жаулықты әжелеріміз той шашуын шашып, Қыдыр атамыз батасын беріп, тойымыз көңілді басталды.
Мерекелік думанымызды ашу үшін алғашқы құттықтау сөз Төлеген имамға берілді.
Наурыз мерекесінде адамдар жақсы істер жасап, жер бетінде мейірімділік орнатылған. Осы игі істер шеңберінде кітапхана қызметкерлері мен этномәдени қоғамдастығы 2018 жылы «Растим читателя с пеленок» атты атты акция ұйымдастырып, жас аналарға «Читаем с пеленок» атты кешенді сыйлық  дайындады.  Оның ішіне нәрестеге арналып тоқылған пинеткалар, екі тілде «Әлди-әлди» әндері  жазылған диск, ұсынылған әдебиет тізімі, жас аналарға арналған жаднама кіреді.  Железин ОКЖ директоры Адамова М.Н. аудандық аурухананың бас дәрігері К.К.Нысанбековқа   осы сыйлықты өз қолынан табыс етті.
Кітап – сарқылмас қазына, білімнің қайнар көзі дегендей, біздің кітапхана қорында Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақтың киіз үйі туралы, ұлттық тағамдар және де басқа ұлттардың салт-дәстүрлері  жайында жазылған кітаптармен абонемент кітапханашысы Серуен Зоя  таныстырып өтті.
Ал балалар кітапханасы өзінің жас оқырмандарына қазақтың  ұлттық ойындарын  ойнатқызып, дастархан жайды.
Халқымыз «Астыңдағы атыңнан құласаң да, ұлтыңның салтынан құлама» деген, сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлермен біздің жас ұрпақты, оқырмандарымызды таныстыру жөн деп санап, ұлттық тағам мен салт дәстүрлер тамашаланды.
«Нұр ана әлемі» атты қоғамдық бірлестігі «Беташар» көрінісін көрсетіп, «Қоржын салу» және «Наурыз көже» дәстүрлерін таныстырды.
Неміс және славян этномәдени қоғамдық бірлестіктері де шараға белсене қатысып, өздерінің ұлттық тағамы мен дәстүрлерін ұсынды
Дастархан басында көңілді ән айтып, той-думанымыз жақсы тілектермен ұласты. 
Кітапхана фойесінде қазақ киіз үйінің көрме-инсталляциясы құрылды. 

ОКЖ әдіскері:  Р.Н.Фахирслямова

FOTO