«Арулар, аналар, асыл жандар!»

Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.
8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.
Алдымыздағы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен, аудан әкімі Қ. Қашкировтың қатысуымен  «Арулар, аналар, асыл жандар!» атты тақырыпта кездесу өтті. Мереке қарсаңында өткізілген отырысты ашып, жүргізген аудандық орталық кітапхана директоры М. Адамова алдымен аудан әкімін жиынға кәсіпкер әйелермен және олардың еңбек жолымен таныстырып өтті. Арнайы дайындалған қатысушылар туралы «Арулар, аналар, асыл жандар!» слайд көрсетілді.
Аудан әкімі Қанат Шаймарданұлы әлем халықтары атап өтетін мереке қарсаңында аудандағы кәсіпкер әйелдермен еркін әңгіме құруға туғызылған мүмкіндікке риза екенін айта келе, жиынға шақырылған әйелдер қауымына ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға қосып отырған үлестері үшін алғыс білдіретінін жеткізді. Ерлермен қатар еңбек етіп, қажыр- қайратын өлкенің өсіп өркендеуіне арнап жүрген әйелдер қауымының қызметін жоғары бағалайтынын айтты.
Жиынға қатысқан кәсіпкер әйелдер өз кезегінде бүгінгі бағындырған биіктеріне жету жолында бастан өткерген қиындықтары мен бүгінгі мүмкндіктері туралы және өздерін толғандырған өзекті  мәселелер жайлы әңгімеледі. Жетістікке жетудің басты шарты – төзімділік пен  ысырапшылдыққа жол бермеу екенін айтқан  тәжірибелі кәсіпкер әйелдердің ізбасарлары, кәсіпкерлік жолына түскендеріне көп бола қоймаған қыз-келіншектерде өз ойларын ортаға салды. Кейінгілері бүгінгі таңда елімізде жеке кәсіппен айналысуға барынша жағдай жасалғанын жарыса айтты.
Жиынға шақырылған әйелдерді алдағы келе жатқан меоекелерімен Ақжол құттықтап ән жолдады.
Мерекелерімен құттықтаған аудан әкімі Қ. Қашкиров оларға сый-құрмет көрсетіп, оларға мықты денсаулық , жанұяларына амандық тіледі.

Кітапханашы: Серуен Зоя

FOTO