«Я бы солнцем взошел над землей…»

         «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп жатыр. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін әйгілеу, қоғамның кітап оқуға құмарлығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерделеу ынтасын дамыту.  

         Кезекті акция қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған болатын.

         Азаматтық лирик, ақын көптеген маңызы бар шығармалар шығарып, ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Халқына деген адал сүйіспеншілікке толы, оның поэзиясы әлі де азаматтық ерлік ұраны болып отыр. Ол әділдік жеңісіне сенген адам, сондықтан да «жарқын таңына» жетуге асықты. 

         Өмірінің мәнін С.Торайғыров туған халқын әйгілеуден көретін, оны рухани және әлеуметтік-саяси қыспалардан босатуға тырысты. Өлең және проза түрінде жазылған тұңғыш романдардың, тұңғыш философиялық және әлеуметтік помалар мен очерктер авторы, ол демократиялық дәстүрлердің жалғастырушысы болатын. Мәдениет және елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолы ағарту арқылы жатады – деп ойлайтын ақын, және де бәріне жақсы болсын деп тілейтін. Өзінің сопылық ғұмырымен және шығармашылығымен, ақын, адамның өнегелі мұратын сендірді.

Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы адамгершілік, Отанға деген адал махаббатты құрайтын.

Чикишева А.Н., «Железин ОКЖ» ММ әдіскері