«Павлодар облысы: Тарих беттерінен»

Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
 Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

Қадір МЫРЗА ӘЛИ

Адамның туған жермен табиғи байланысы оған эмоционалды және саналы қарым-қатынасты айқындайды.
Туған жер — біз өскен жер, бұл бізді сақтаған мәдениет пен салт-дәстүріміз. Менің Отаным — гүлденген, хош иісті, көңілді, жарқыраған талантты Павлодар.
Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні аудандық орталық кітапханасы Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына арналған «Павлодар облысы: Тарих беттерінен» атты өлкетану сабағын өткізді. Шара аудандық агро-техникалық колледжінде ұйымдастырылды. Шараға І курс студенттері және тарих мұғалімі Махметов Талғат қатысты.
Кітапханашылар студенттерді  қаланың тарихымен қысқаша таныстырып өтті және Павлодардан шыққан танымал ақын-жазушылар туралы атап өтті.
Махметов Талғат «Өлке тарихы кеше, бүгін және ертең» атты тақырыпта қысқаша тоқталып өтті.
Сонымен қатар студенттердің назарына «Алтын діңгек - өзім туған босағам...» атты тақырыпта вертуалды кітап көрмесі және Павлодар облысы туралы қысқа метражды кино ұсынылды.
Шараны қортындылау барысында берілген ақпараттардан қысқаша «Өз өлкеңді білесің бе?» атты тақырыпта викториналық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханшысы Серуен З.

FOTO