Өз үйіміздің шаңырағы астында

(аудандық орталық кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған)

 Салтанатты мерекемізді «Өз үйіміздің шаңырағы астында» деп атадық, себебі осында өз уақытымыздың  жартысын өткіземіз және басқа да себебтер бар, кітапхана өз шаңырағының астына көптеген адамдарды болып жатқан шараларына жинайды. Ең бастысы, кітапхана білім шырағы, әр бір кітап өз сырымен бөліседі, ал бізге бұл мекеме тіпті туған үйіміздей.

Сүйікті кітапханамызға 80 жыл - бұл бір ғасырға жуық уақыт. Осы жылдардың ішінде кітапханамыз тарихтың барлық белгілі оқиғаларынан тыс қалған жоқ. Жылдар өтіп жатты, мемлекетімізде көптеген өзгерістер болды, оқырмандарымыз бен кітапханашыларымыздың бірнеше ұрпақтары ауысты, кітап талғамы да ауысты, бірақ Тәуелсіздік көшесінде орналасқан жайлы, шуақты кітапхана  өз оқырмандарын, достық қарым-қатынасты бағалай білетін, ең бастысы кітапты сүйетін, бағалайтын, өз сұрақтарына,  мазалайтын мәселелеріне кітаптан жауап табатының білетін шығармашылық адамдарға есігін айқара ашты.

Мерекелік бағдарламада  келесі шаралар жүргізілді:

- «ЕХПО-2017 –сабақтарының аудандық сайыс-шеруі  «ЭКСПО-2017 – Казахстанның ұлттық жобасы» -атты бейне ролигін көрсету;

- «Елдіктің – ерен жеңісі» -  кітапхана-филиалдарының шығармашылық жұмыстарының көрмесі, аудандық ЕХПО -2017 сабақтар сайысының қорытындысы ретінде;

- «Әдебиет кейіпкерлерінің мәзірі» - көрме;

- Ұлттық және орыс әдебиетінің классикалық шығармаларының әдеби кейіпкерлерінің аллеясы:  Абай Құнанбаев,  А.С.Пушкин, Татьяна Ларина, Чичиков, Мэри Поппинс, Алдар Көсе, т.б.;

- Флеш-моб «Мерейтой үстем болсын»;

- Электрондық фотоальбомның көрсетілімі;

- Кітапхана ардагерлеріне жас кітапханашылардан музыкалық сәлемдеме.

Аудандық кітапхана  қызметкерлерін құттықтауға көптеген адам келді, жиналған көпшілік  алдында аудан әкімі аппаратының басшысы Т.В.Васильева  сөз алып, аудан әкімінің міндетін атқарушының атынан құттықтау оқыды. Облыстық  маслихат депутаты Бакауов М.Ж., «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарсенов Т.С., өз әріптестеріне аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Аканов У.Қ. . құттықтау сөздерін  және жылы лебізін білдірді.

Құанышымызбен бөлісуге келгендердің ішінде  әлеуметтік серіктестеріміз «Нұрлы Мерей» қоғамдық қорының жетекшісі Нұрғалиева К.Қ., әділет басқармасының басшысы Гурина В.А., «Айбат» жастар бастамаларын қолдау  орталығының басшысы Ибраева А., аудан кәсіпкерлер Палатасының басшысы Кожамжаров Т.Ж.  және аудан кәсіпкерлері атынан  сөз алған Бичева Л.Ф. болды.

Ерекше жылулықпен кітапханалар жүйесінің ардагері Султанова Е.С.,  кітапхананың тұрақты оқырманы, ауданның Құрметті  азаматы Прокотцов А.И.  өздерінің игі тілектерін білдірді.

Қөнақтардың назарына «Впечатлительный читатель» атты көрініс қойылды, кейіпкерлері өз кітапханамыздың қызметкерлері Амренова А. мен Шайкова К. болды. Осы мерекелік шарадан орталық балалар кітапханасы да қалмай,  кішкентай оқырмандары өз жылы лебіздерін білдіруге келді, жас оқырмандар атынан  Ибраева А. өз лебізін білдірді.

Салтанатты шара кітапхананың 100-жылдық мерейтойына  кітапхана оқырмандарына ашуға арналған өсиет жасырған. Уақыт капсуласын арнайы орынға ұзақ мерзімге сақтауға салумен аяқталды.

                   Жылы лебіздеріңіз үшін Сіздерге рахмет!

ФОТО