«Президент жолдауы – әр қазақстандықтың ісіне басшылық»

«Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамымымыздың елеулі мәселелеріне тоқталды. 
Орталық аудандық кітапхананың қызмет ету бөлімі Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауын талқылау бойынша диалог-сағат ұйымдастырып өткізді.
Елбасы Жолдауы еліміздің даму жолындағы үлкен қадам. Оған сәйкес, жаңа әлемнің көшбасшылары қатарына ену үшін 10 міндетті атқаруымыз керек. ОКЖ-ң директоры М.Н. Адамова кіріспе сөзінен Железин ауданының Құрметті азаматы К:К.Нургалиева сөз алып, өз сөзінде «Адами капитал-модернизация негізі» деп аталған жетінші пуктке ерекше назар аударды. «Нұр Отан» Партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сарсенов Т.С. Президентпен нақтыланған әр міндетті талдап түсіндірді. Кітапханалық іс-шара барысында Железин ауданының сот төрағасы Ғ.М.Ертаев «Жемқорлық және заң үстемділігімен күрес» атаулы Жолдаудың 9-ші пункті бойынша сөз етті. ОКЖ-ң әдіскері А.Н. Чикишеваның сөз алу тақырыбы -«Ақылды технологиялар – агроөндірістік кешеннің дамуындағы талпыныс».
Кітапханалық шараға қатысушылар сөз сөйлеушілерді қолдап, еркін, өркениетті Қазақстан құру үшін қойылған мақсатқа жету кезеңіндегі барлық негізгі сұрақтар аспектісі бойынша мемлекеттік саясат бағытындағы Президентпен нақтыланған стратегияларда күмән жоқ екенін білдірді.
С. Тлегенова, ОАК –ң қызметкері                      

FOTO