«Қызықтыру! Таңғалдыру!  Тоқтату!»

Кітапханалық семинар.

Мәдениеттің басты бөлігі, тәрбие берудің маңызды фокторы және тұлғаның даму факторы оқуда. Дегенмен, соңғы кездері, кітап оқудың беделі түсіп келе жатыр. Бұндай жағдайда кітапхананың басты міндеті: кітап оқуға қызығушылықты дамыту, оқырмандық және мәдени ой-өрісті дамыту; жас ұрпақтың талаптарына сай дәстүрлі жұмыс әдістерін жаңарту арқылы мәдениеттің маңызды бөлігі ретінде, кітап оқуды қолдау.

Осы тақырыпқа, ОКЖ әдістемелік бөлімі кітапханашылар үшін ұйымдастырған семинар практикум «Қызықтыру! Таңғалдыру!  Тоқтату! Қысқарып келе жатқан кітап кеңдігіндегі кітапханалардың жаңа рөлдері» тақырыбына арналды.

         Семинар-прктикумды ОКЖ директоры М.Н.Адамова ашып жүргізді. Семинар барысында келесі сұрақтар талқыланды. ҚР Президентінің кезекті жолдауы бойынша «Жетістікке жол ашу» атты ақпарат-шолуын М.Н.Адамова жүргізді. Өзінің баяндамасында ол, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауында, Қазақстан модернизациясын жүзеге асыру жолдары белгіленгенін атап өтті.  Бұл әр қазақстандыққа түсінікті қадамдық бағдарлама. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президент Жолдауының негізгі бағыттарын әйгілеу бойынша жұмысты жүргізу керек.

         «Кітапханалық есеп: орнықты нұсқаларды іздеу» атты нақты ахуалдардың тренинг-талқылау мақсаты – ауылдық кітапханашылардың жеке-кәсіби дамуы, кітапханалық есеп мәселелерін талқылау, жаңа кәсіби дағдыларды қалыптастыру. Тренинг-талқылауды ОКЖ әдіскері Апаева М.Н. жүргізді.

         Семинар жұмысын ОКЖ әдіскері Чикишева А.Н. жалғастырды. Кітапхана қызметкерлерінің назарына «Кітапханалық жоспар: толықтық және нәтижелі технологиялар» әдістемілік тұжырымдамасын ұсынды. Әр кітапхана жоспарларының толық талқылауы жүргізілді, жоспарлаудың жағымды жақтары, сонымен қатар жеткіліксіздері қарастырылды. Баяндама барысында әдіскер кәсіби иноовационностьтің кейбір ережелерін еске түсірді: қорықпай; оқу және өзгеру; өзіңді басқалардан ақылды санамау; басқалардан идеялар алу, оларды өзіңе қарату; еңгізу, өзгерту, тағы еңгізу.

          Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер А.Ж.Амренова дайындаған «Жоспарлау және есеп – шығармашылық тәсіл» ақылдар сарабы, кітапхана қызметкерлерінің оқырман-балалармен жұмыс жасаудың жаңа тәжірибесін тез арада ұғынуын қамтамасыз етті.

          ОКЖ библиографы У.Р.Курносованың «Талқылауды библиограф жүргізеді...» баяндамасында, кітапханалық маркетингті кеңінен пайдалану, электронды технологияларды пайдалану, алыстағы пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру бойынша жұмысты белсендету мәселелері қарастырылды.

          Семинар-практикумның жұмысын әдістеме-нұсқаулық сағаты жалғастырды. Бұнда келесі мәслелер қарастырылды:

         - «Қабырға сыртында - үйдегідей»: кітапханалық ойлар мен технологиялар диапазоны» - әдістемелік шолу /Апаева М.Н., ОКЖ әдіскері/;

         - «ЭКСПО 2017 – Қазақстанның ұлттық жобасы», EXPO –сабақтарының аудандық шеру-сайысын өткізу бойынша ақпараттық кітапханалық мәлімет. /Чикишева А.Н., ОКЖ әдіскері /;

         - «Алаш Орда – қоғамдық ой және ұлттық идея», слайд – презентация /Алаш Орда ұлт азат қозғалысының 100-жылдығына орай/ Тлегенова С.И., Серуен З., АОК қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары.

         Заманауи әлемде кітапханашы азат, бәсекге қабілетті тұлға болуы керек, өз дағдыларын үнемі дамытып, биік шығармашылық потенциалға ие болуы керек. Кітапханалық семинар ссы кәсіби талаптарды нығайтуға арналған. 

 Апаева М.Н., «Железин ОКЖ» ММ әдіскері

Фото