Cеминар-дөңгелек үстел

«Жасөспірім мен кітапхана: жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қараусыздықты болдырмау алдын-алу жұмыстары»

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
2018 жылдың 17 қазан айында ОКЖ-нің әдістемелік бөлімімен ауданның  кітапхана қызметкерлеріне арналған «Жасөспірім мен кітапхана: жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қараусыздықты болдырмау алдын-алу жұмыстары» атты дөңгелек үстел семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарды ОКЖ директоры Адамова М.Н. «Жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша кітапхана іс-әрекетінің міндеттері» әңгіме-диалогпен ашты. Осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігі  жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік-қолайсыз топтарында қалыптасқан үрейлі жағдайға байланысты. Атап айтқанда: криминалдық жағдайдың нашарлауы, кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының артуы. Жыл сайын мамандардың көзіне бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін, балаларды тәрбиелеуге қабілетсіз  отбасылар түседі. Кітапхана орталығы  өскелең ұрпақ арасында мемлекет пен қоғам жүргізіп отырған үлкен алдын алу жұмыстарынан тыс тұра алмайды. Жас жеткіншектердің қылмысқа бой ұру мәселесі тек құқық қорғау ор­ган­дарының ғана емес, ата-ананың, мектеп, арнаулы оқу орындары мен басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қадаға­лауын талап етеді. Сондықтан да, семинар жұмысына қатысуға аудандық полиция кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы А. О. Балтабаева және №2 ЖББОМ педагог-психологы Т. В. Торопчанина шақырылды.   Инспектор жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің рөлі туралы айтып, 2018 жылғы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың жағдайы туралы ақпарат беріп, кітапханашылардың сұрақтарына жауап берді.
Педагог-психолог қатысушыларға кеңес-тренинг өткізіп, жасөспірімдермен конструктивті қарым-қатынастың негізгі тәсілдері мен дағдыларын көрсетті.  Сондай-ақ, семинарда ОКЖ әдіскерлері "Кітапхана қоғамдастығы және жасөспірімдердің құқықтық ағартуы" тақырыбы бойынша ұсыныстармен сөз сөйледі, "Құқық және жасөспірім: кітапхана немен көмектесе алады" атты іскерлік ойын-тренингі өткізілді. Берілген ақпарат кітапханашыларға жасөспірімдерді құқықтық ағарту жұмыстарын дұрыс, тиімді және қызықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Семинар соңында кітапхана практикасының ағымдағы сұрақтары қарастырылды.

Фахирслямова Р. Н., ОКЖ әдіскері

FOTO