Президенттің бес бастамасының  қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеріп, мемлкеттің дамуына қуатты импульс беретіні даусыз.
2018 жылдың 6-шы наурызында орталық аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының Парламент палатасының  бірлескен отырысында Елбасының халыққа жасаған жолдауында жазылған  «Президентіміздің бес әлеуметтік бастамасы:  модернизацияның жаңа көкжиегі» тақырыбына талқылау отырысын өткізді.
ОКЖ-нің директоры  М.Н. Адамова  өзінің кіріс сөзінде Президенттің негізгі месседжі болып әр отбасының баспана алуға  қол жеткізу мүмкінді, жалақысы төмен жұмысшылар үшін салықтың төмен жүктемесі, жоғары білім алудың қолжетімдігі мен сапасы және студенттердің өмір сүру жағдайларының жақсаруы, микрокредиттің кеңейтілуі және еліміздің әрі қарай газификациясы туралы айтып өтті.
«Нур –Отан» Партиясының төрағасының Бірінші орынбасары  Т.С. Сарсенов өз сөзінде  әр қазақстандықтың әл-ауқатына бағытталған және қоғамды модернизациялауға ықпал ететін адами капитал сапасының көтерілуіне тура әкелетін қолжетімді баспана саласы, жоғары білім, кредит алу, кәсіпті дамыту салаларында шешім бойынша әлеуметтік бастамаларға толығырақ тоқталды.  
Мектептеріміздің мұғалімдері Президенттің ауқымды әлеуметтік жобасын талқылап, әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамалардың маңызын белгіледі.
Ерекше қызығушылықты үшінші бастама тудырды: «Жоғары білім алудың қолжетімдігі мен сапасы және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту». Мұғалімдердің пікірі бойынша, Оқуға қосымша гранттарды бөлу бойынша Президентпен ұсынылған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен жаппай қамтамасыз етуге ықпал ететінің  және оның сөзсіз жоғары білім берудің дамуына және Қазақстанда бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.  
Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары еліміздің жаңа шаралары еліміздің барлық азаматтарына сезінеді және ұлттық өркендеу мен әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық моделінің қалыптасуына ықпал ететіні туралы сөз қозғады.

Тлегенова С.  Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.

FOTO