Рухани қазына -2019 

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекелеріне орай  2019 жылдың мамырдың 19-22 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани қазына-2019» атты Фестивалі өтті.  Фестиваль мақсаты ретінде  мәдениет саласындағы қызметкерлердің өз  тәжірибесімен алмасуы болды.
Екінші жыл тамаша дәстүрге айналып бара жатқан осы  Фестивальге қатысқан 13 облыс арасында Павлодар облысы Железин ауданының   Орталықтандырылған Кітапхана Жүйесінің директоры Адамова М.Н.   «Ең үздік аудандық кітапхана» номинациясы бойынша  Республикалық кезеңге өтіп, «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мәдениет министірлігінің   Алғыс хатымен марапатталып, ОКЖ директоры Адамова М.Н. мен балалармен жұмыс бойынша кітапхана әдіскері Умарова А.Е.  «Рухани қазына-2019» Республикалық Фестиваль аясында өткен «Кітапхана – білім және шығармашылық орталығы» тақырыбында семинарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының сертификатын алды.
Республикалық сайыстың  әділ қазыларының назарына  Железин балалар кітапханасының келесі жобалары ілікті: «Большое Детское Чтение», «Растим читателя с пелёнок», «Туған жер», «Правовая студия», «Радость встречи с книгой» и т.д..  Кітапхана жоспарында бағдарламалық-жобалық қызметті әрі қарай дамытып, жас оқырмандарға қызмет жасауда жаңа жұмыс формаларын іздеу болып табылады.
Бугінгі күні Инстаграм мен  Фейсбук  парақтарында балалар кітапханасы «Чтение – полезное умение» аты челлендж өткізуде.  Бұл кітапханалық шара жас ата-аналар мен балаларың көңілінен шығып, балалардың кітап оқып, ертегі, өлең-тақпақ жаттауына ықпал етті.
Сонымен қатар, кәсіби мерекеге орай, Республикалық Фестивальге Павлодар облысы қатысушылары Шаңырақ мәдениет орталығында жиналып, республикада алған марпаттарын ортаға салды. Железин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Үздік аудандық кітапхана» номинациясы бойынша Дипломы және марапаттау мүсүніне ие болды.
Фестиваль барысында «Қоғамдық сананы өзгерту: кітапхан қызметіндегі цифрлік технологиялоар» тақырыбында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Б.Жаленов тренинг өткізді.
Сонымен қатар, «Замануи кітапхана жастары»  мастер-классы, «Ұлы дала руханияты және түркі әлемі» лекциясы, «Қазақстанда кітап оқу: концептуалды әдіс» дискуссиясы және «Кітапханалық педагогика: ертегітерапия» мастер-классы секілді  тақырыпты меңгеру үшін, қатысушылар төрт секцияға бөлініп жұмыс жасады.
Қорытынды жасау, яғни 22 мамыр күні мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, филология ғылымының докторы, ғалым, жазушы Мырзатай Жолдасбековтің сәлемдік сөзі барлығымыздың көңілімізден шықты.
Республикалық дәрежеде өткен «Рухани қазына-2019» Фестиваль кітапханашының дәрежесін көтеріп қана қоймай,  «Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана» деп Елбасымыз айтқандай, жастарға кітап оқытудың жаңа жолдарын іздеуде үлкен қадам болып есептеледі. Адамзат рухани тәрбиенің негізін кітапханадан алары сөзсіз. Себебі біз ананың ақ сүті арқылы бойымызға ана тіліміздің құдіретін сіңіретін болсақ, кітап оқыту арқылы жастардың ойлау, армандау көкжиегін дамытамыз, ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын ояту біздің парызымыз.

А.Е.Умарова, ОКЖ әдіскері

FOTO