«Рухани жаңғыру» бағдарламасы  шеңберінде   ағымдағы жылдың 3-5 тамыз  аралығында Ленинский  ауылында  «Ұлы Дала елі» этнофестивлі өтті.   Бұқар жырау, Естай Беркімбай, Машһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұса Шорманов атты қазақтың танымал ақын-жазушыларының мерей тойларына арнылып Ұлы Далада үлкен этноауыл қанатын жайды. Бес ауылға бөлінген киіз үйлердің алдында мерекелік концерт бағдарламасы, мұражай экспонаттары мен кітап көрмелері қойылды. Железин ауданының киіз үйлерінің алаңында келген қонақтарға «Қазақстанның 100 жаңа кітабына» енген мемлекеттік тілге аударылған жаңа кітаптармен таныс болу ұсынылды.  Сонымен қатар «Қазақстан 2030» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Фестиваль жерлестеріміздің туған өлкенің тарихын есте сақтап, казақ халқының ғұлама тұлғаларына деген құрметін қастерлеуін және   Ертіс өңірінің байлығын көрсете түсті.
«Тәуелсіздік дәуірі» атты Павлодар облыстық кітапханасының шатырында Астананың 20-жылдық мерей тойына арналып, «Бәйтерек» кітап инсталляциясы мен түрлі тақырыпта сан алуан кітап көрмелері қойылды.
Железин ОКЖ-нің жас оқырмандары да этнофестивальге белсенді қатысты. Павлодар облыс әкімі Бакауов Б.Ж. бас болған делегация мен қонақтарды облыстық кітапхана бііздің белсенді оқырмандарымыздың орындауында  «Қазақстан 2030» атты флешмобпен қарсы алды.
Ұлы Дала Елі этнофестиваліне Железин ОКЖ-нің директоры М.Н.Адамовамен атақты ақын жерлесіміз Құдайберген Әлсейітовтің немересі Гүлнара апа шақырылды. Бұл кісі Құдайберген Әлсейітовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кітап жинағын шығаруға бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

FOTO