Сарыарқаның дүлділі

2019 жылдың  28 тамызында Железин ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Тұлға. Кітап. Заман» жобасының шеңберінде суырып-салма ақын, сазгер, біздің жерлесіміз  Құдайберген Әлсейітовтың 135-жылдық мерейтойына орай ғылыми-практикалық конференция мен «Сарыарқаның дүлдүлі» атты кітап тұсаукесері өтілді.
Конференция басталмас бұрын Железин аудандық мәдениет үйінің алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізу үшін аудан әкімі Кашкиров Канат Шаймарданұлы,  ақынның туған-туысқандары, қонақтар, жерлестер жиналды.
Ғылыми-практикалық конференцияның І бөлімін модератор Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайының ғылыми қызметкері Ербол Мәтіұлы Қайыров жүргізді.  Алғы сөзді аудан әкімінің орынбасарының м.а. Келдібеков Манат Бейсенұлы алып, ары қарай баяндамалар оқылды. Баяндама оқығандар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры  Арман Қани; Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанмахмут Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің  Ермұхан  Бекмаханов атындағы  тарих және өлке этнографиясының ғылыми-практикалық орталығының директоры Амантай Жетпісұлы Кудабаев; Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылығы мұражайының басшысы Рахимов Ерлан Олжаұлы; - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, облыстық Иса Байзаков атындағы филармония әншісі Ербол Айтпаевтың орындауында Естайдың әні  - «Құсни Қорлан» орындалды.
«Сарыарқаның дүлдүлі» атты ақынның өмірі мен шығармашылығы және ақын жайында зерттеулер жүргізген адамдардың жазған мақалаларының жинағы ретінде шыққан кітап тұсаукесерін ОКЖ директоры Адамова Марғуаш Нұрқайдарқызы жүргізді. Тұсаукесер рәсімін   Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанмахмут Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің  Ермұхан  Бекмаханов атындағы  тарих және өлке этнографиясының ғылыми-практикалық орталығының директоры Амантай Жетпісұлы Кудабаев пен ақынның жиені Амангелді Жұматаұлы Уақбаев өткізді. ОКЖ директоры Адамова Марғауаш Нұрқайдарқызы  ақынның туған-туықандарына кітапты табыс етті.  Ақынның жиені Амангелді Жұматайұлы Уақбаев Құдайберген атасына шығарған арнауын және атасының белгілі желдірмесін   орындап берді. Осы ІІ бөлімде сөзді Сұлтанмахмут Торайғыров атындағы  облыстық кітапхана қызметкері Исакаева Майя Жолдасбековна мен біздің жерлесіміз, өлкетанушы Хамит Аманжол сөз алды.
Кітапты құрастырып, жарыққа әкелген  Ербол Мәтіұлы  ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысын жасап, ауданымыздың мәдениет үйінің әншісі Акжол Абдреевтың орындауында Құдайбергеннің шәкірті Исаның желдірмесі тамашаланды.
Құдайберген ақынның мерейтойы облыстық ақындар айтысында жалғасын тапты. Айтысты Павлодар педагогикалық  мемлекеттік университетінің студенттік филармониясының маманы Оразбек Бақытхан жүргізді. Жас ақындарды сынаған әділ қазылар: Асығат Тұрғанбек / облыстық «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі/, Арман Қани / Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, ақын, қазылар алқасының төрағасы/, Бейсенбі Мұқажан / Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын/; Сауырбай Бекболат /халық радиосының тілшісі/;  Амангелді Уақбаев /ақынның немересі, айтыскер ақын/.
Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Алтай Қадырбек қанжығасына байлады, І орын Айбек Оралханға, ІІ орын Қуандық Башой, ІІІ орынға Нұрбек Бәкір ие болды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесіне ие болған Мәрес Байрон және «Арқалы ақын» номинациясын алған Гүлшекер Батай.
Ауданымыздың тумасы, атақты жерлесіміз Құдайберген Әлсейітовтың шығармашылығы жастарға үлгі болып, әлі де зерттеліп, өз жалғасын табуда.

ОКЖ әдіскері Умарова А.

FOTO