Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Железин ОКЖ-нің әдістемелік бөлімімен ауданымыздың кітапханалық қызметкерлері үшін дөңгелек үстел формасында  «Ауыл кітапханасы: инновациялық көзқарас,  трансформациялық  іс-әрекет» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды ОКЖ директоры Адамова М.Н. ашып, жүргізді.   «Ауыл кітапханасының өмір формуласы: тиімді, табысты, қызықты жұмыс жасау» атты ОКЖ әдіскері  Чикишева А.Н. әдістемелік консультация жасады.  Өз сөзінде заманауи кітапханалардың инновациялық әдіс-тәсілдерді қалай қолдануы керек екенін әдіскер түсіндіріп өтті. Кітапханашыларға  фанфикшен, кітапханалық  витринистика, интеллектуалдық донорлық күні, кітапханалық  ОK,NO және т.б. секілді жаңа әдістер таныстырылды.
Әрі қарай семинарды «ДК-ді үйрені әлі де кеш емес» тақырыбында қарттардың компьютерлік сауаттылығының маңызы туралы сөз етіп,  Железин ОКЖ әдіскері Фахирслямова Р.Н. жалғастырды.  Цифрлік технологиялар және оладың адам өміріндегі рөлі туралы айтып, егде жастағы адамдардың көбі осы ақпараттық кеңшардың тысында қалып жатқаны туралы еске салды. Баяндама соңында кітапханашыларға осы жұмыс бойынша әдістемелік көмек  берілді. ОКЖ  библиографы Кабитова Г.С. «Библиографиялық шолу: дәстүр мен  инновациялар» тақырыбында консультация-практикум өткізді.  Кітапханашылар библиографиялық шолу жасау бойынша ұсыныстарды тыңдап болғаннан соң, берілген кітаптарға өздері аннатоция құруға үйренді.
Қысқа үзілістен кейін семинар «Ауыл кітапханасы – тұрғындардың кездесу орны» атты кәсіби қарым-қатынас жасау сағатымен жалғасты.  Бұл кезеңде семинардың жұмысын Алакөл а/к кітапханашысы - Джакина А., Приертіс а/к кітапханашысы -Шапихова Г.С., Лесной а/к кітапханашысы - Кромиади Г.В., Жаңа жұлдыз а/к кітапханашысы - Скурлатова Ж.А. жалғастырды.  Әріптестер өз жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, ауыл кітапханалырының ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге көрсететін көмегі жайында айтты.
Семинар соңында кітапханалық қызметкерлер 2020 жылға жоспарлау, «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы,  «Жылдың ең белсенді оқырманы» атты жоба туралы және басқа да кәсіби іс-әрекетке қатысты сұрақтарды талқылады.

Фахирслямова Р.Н. , ОКЖ әдіскері

FOTO