«ОКЖ-нің кітапханалары: рухани құндылықтарды сақтап,  көбейту»

Семинар-жиналыс

Қазіргі заманда рухани құндылықтарды сақтаe тақырыбы экономикалық мәселелерді шешуден де маңызды болмаса, кем емес.  
Ұрпақтан ұрпаққа жиналған рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауға, туған жер-Отаныңа, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу Железин ОКЖ-нің іс-әрекетінде маңызды бағыт болып табылады.  
Кітапханалардың жаңа жылда өлкетану әрекетінің іс-әрекетін анықтайтын бағыт болып  «ОКЖ-нің кітапханалары: руухани құндылықтарды сақтап,  көбейту» тақырыбында өткен семинар-жиналысы болды.
Семинарды ОКЖ-нің директоры М.Н.Адамова ашып, өткізді.   Өзінің алғы сөзінде басталған жыл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жағдайында дамудық жаңа мүмкіндіктері» халыққа кезекті Жолдауында сөз еткен  жаңа мақсат-міндеттерін айтып өтті. Жылдың бас құжатында экономикалық тақырыпты сұрақтардан басқа, ұлттың потенциалын отандық мәдениет пен идеология арқылы өсірудің қажеттілігі айтылды. Міне, біздің ауданымыздың кітапхана қызметкерлері белсенді жүзеге асырып жатқан  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы осында.
Железин ауданының әкім аппараты бөлімінің бас маманы А.З.Козкина да өз сөзінде   Әлемдік ақпараттау жағдайында рухани құндылықтады сақтап қалуды  тақырып  ретінде ұстанды. Ол «Рухани жаңғыру», «Рухани қазына», «Туған жер»,  «Жомарт Жүрек», «Тәрбие және білім» және т.б. бағдарламалардың негізгі мақсат-міндеттері жайында түсіндіріп өтті.
Семинар жұмысы кәсіби жағынан жалғастырылды. Келесі тақырыптар бойынша талдау жұмыстары өтті: «Жылдың есеп беру кітапхананың имиджінің элементі ретінде» талдау  консультациясы, «Жоспарлаймыз, жүзеге асырамыз» әдістемелік баға беру: 2018 жылға жоспар құру» (А.Н.Чикишева, ОКЖ-нің әдіскері); «Бала-оқырмандармен жұмыс: табысқа жету жолы» консультация-талдау (Умарова А.Е., балалармен жұмыс бойынша ОКЖ-нің әдіскері), «Кітапхана тәжірибесінің айнасы  ретінде басылым жұмыстары» әдістемелік слайд-консультация  (Курносова У.Р., ОКЖ-нің библиографы). Барлық кеңес беру жұмыстары 2018 жылға жоспарлау жұмысы мен кәсіби әрекеттердің нақты бағытары бойынша кітапхана-филиалдардың жұмыс жағдайын көрсетті.
ОКЖ-нің кітапхана қорының жұмысын УОК-ға (универсалды ондық классификация) аудару жайында консультация-тренингті әдебиетті өңдеу бөлімінің қызметкерлері Г.П.Кроо  мен А.С.Садыкова өткізді. Ауыл кітапханашыларына УОК, оның тарихы мен құрылысы жайында  туралы  слайд-ақпарат берілді. Ақпарат беру жұмысының практикалық бөлімінде  2-ші деңгейдің негізгі бөлінулері нақтыланып, жаңа классификацияға кітап қорын аударудың  стратегиясы анықталды: УОК кестесіне сәйкес баспа бөлулерін безендіру, жүйелі каталогтың классификациясы.
Әдістемелік сағат барысында келесі сұрақтар қаралды: «Өлкетану аудио-видео гид» тарихи-мәдени жоба шеңберіндегі жұмыс, «Кітаптар әлемі мен кітаптағы әлем» аудандық әдеби фестивалін өткізу туралы, Астана беделін алғанына 20-жыл мерейі шеңберіндегі кітапханалық іс-шараларды өткізу жұмыстары. Сонымен қатар, көрме-инсталляцияларды безендіру жұмыстары сөз болып, «Кітапхана-оқырманға» атты 2017 жылында кітапханалар әрекетінің  жұмысы слайд ретінде көрсетіліп, «2018 жылдың Мерейгер-Кітаптары» бойынша түсіндірмелі жұмыстары  өткізілді.          

Семинар-жиналысының жұмысы бойынша қорытынды жасаған ОКЖ-нің  директоры М.Н. Адамова және ОКЖ-нің әдіскері А.Н.Чикишева.

FOTO