7 мамыр күні Отан қорғаушылар Күнін атап өту қазақстандық жауынгерлердің дәстүріне айналды. Бұл мереке қазақстандықтардың ерлі істерінің шежіресі мен Қазақстан Республикасына қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып отыр. Қазақстандық әскерде қызмет ету, он сегіз жасқа толған әр ер адамның құрметті міндеті әрі қасиетті борышы болып отыр.

Заманауи әскерді құру – төтенше мемлекеттік маңызы бар міндет. Елдің әскери ұйымының кешенді дамуын ескеретін, қарулы күштерді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама Қарулы күштердің әскери дайындығын қамтуына, олардың әскери қабілеттіктерін арттыруға және олардың міндеттерді орындау қабілеттерін тексеруге бағытталған.

ҚР Қару күштерінде өз Отанының нағыз патриоттары қызмет етеді, Отанға қызмет ету, көптеген жастар үшіг үлкен абырой.

Оқушыларды патриоттық, азаматтық рухында тәрбиелеу мақсатында және Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, аудандық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі № 20 агро-техникалық колледжде «Отанға қызмет етемін» атты жастар кеші өтті.

Шараға қорғау істері бойынша бөлім бастығы А.С.Гринев, ВСПР бойынша комендант орынбасары, капитан С.С.Батыкенов шақырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің ҚР Қарулы Күштерінің қалыптасуындағы рөлі туралы және елдің қорғаныс қабілетін нығайту туралы қорғау істері бойынша бөлім бастығы, майор А.С.Гринев айтып берді. Сонымен қатар ол қатысқан студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

ВСПР бойынша комендант орынбасары, капитан С.С.Батыкенов ҚР шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы айтты.

Шарада «Отан қорғау – азаматтық борыш» атты көрме дайындалды. Бұнда Қазақстанның Қарулы күштерін дамыту тарихы туралы материалдар ұсынылды.

 

Оқу залының аға кітапханашы С.Тлегенова