«Универсиада – 2017:  алға – жеңіске жету!»

2017 жылдың 8 ақпанында аудандық орталық кітапхананың конференц-залында, студенттер үшін қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырылуымен, «Универсиада Алматы – 2017» тақырыпты ашық сабақ өткізілді.
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Универсиаданың құрылу тарихы, оның мақсаттары, міндеттері және бұндай халықаралық шараны мемлекеттік деңгейде өткізу маңыздылығы туралы айтып берді.
Бұл шаралар аясында кітапханада «Универсиада – 2017: алға – жеңіске жету!» шолу-көрмесі ұйымдастырылды, көрмеде спорттың даму тарихы және Қазақстанның замануи жетістіктері туралы кітаптар ұсынылды, сонымен қатар, шара барысында «Қысқы Универсиада – 2017» слайд-презентациясы көрсетілді.