«Ұлы даланың ұлы есімдері: фестиваль қорытындысы» 

2019 жылдың 14 маусымында Железин ЖББМ №3 мәжіліс залында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты аудандық тарихи-әдеби фестивальдің қорытынды бөлімі өтті. Ұйымдастыру комитетімен  таңдалған бес ауылдық кітапхана сахнада ұлы адамдардың өмірі мен тағдырын жайып салды. Көрермендер сахналық көріністер арқылы елді хан билеп,көшпенді дауын би шешіп, халық аңыз еткен батырлар кезеңін тамашалады.
Фестивальдің қорытындысы бойынша кітапханалар келесі жүлделі орындарға ие болды:
Гран-при – Еңбекші модельдік ауылдық кітапханасы. Кітапхана Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» атты поэмасынан үзінді көрсетті. 1 орын – Ахмет Байтұрсынов өмірінен үзіндіні ұсынған Ақтау ауылдық кітапханасы. 2 орын – «Певец в стане казахских воинов» атты поэманың үзіндісін ұсынған Михайловка ауылдық кітапханасы. 3 орын – Жаңа жұлдыз модельдік кітапханасы, оқырмандар Ильяс Есенберлиннің «Хан Кене» атты шығарманың үзіндісін ұсынды және «Қобыланды батыр» эпосының үзіндісін ұсынған Приертіс ауылдық кітапханасы.
Фестиваль қатысушылары мадақтамамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең жас қатысушыны атап өтпеу мүмкін емес. Бес жастағы Еңбекші ауылдық кітапхананың оқырманы – Шекенова Лаура. «Туған жер» өлеңін оқып, мадақтама және сыйлыққа ие болды. Железин аудан әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышева қатысушыларды құттықтап, шығармашылық табыс пен осы әдеби фестиваль жылдан жылға жалғассын деп тіледі.
Ұлы тұлғаларымыз елім деп, жерім деп соққан жүректері, халқыма бір пайдасын қалдырайын деп, артында қалған ұрпағымның өмірі  соғыспен емес,  бейбітшілікпен өтсін деп армандаған бабаларымызға алғысымыз шексіз. Еліміздің дамуына, тарихына үлес қосқан ұлы адамдардың арқасында біз татулық-бейбітшілік бар, тәуелсіздік елімізде өмір сүріп жатырмыз. 

ОКЖ әдіскері: Фахирслямова Р.Н.

FOTO

Video

Video

Video

Video