Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл. Дегенмен де, көп уақыт өтсе де, бүгінгі ұрпақтың назарын майдан жылдарына, кеңес жауынгерінің ерлі ісіне аудара отырып сол сұрапыл жылдарды ұмытуға болмайды. Майдан туралы естелік әдеби шығармалар мен әскери мемуарларда сақталған. Майдан туралы ізгі естелік, соғыс туралы кітаптарда сақталған.

22 маусым — біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді. Алла үйінде тағзым еткендер сұрапыл соғыс жылдары Отан қорғау жолында жандарын пида етіп, борышын өтегендердің барлығын аза тұтты. Осылайша батырларды еске алған жамағат бұл күннің маңыздылығын тағы да бір ескерді.

Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі оқырмандарының назарын 22 маусым – қайғы күніне аударады.

Бұл күні фашисттерге қарсы айқаста қаза тапқан, тұтқында зәбір көрген, тылда аштан өлгендердің барлығын еске алады. Біз сұрапыл жылдары өз Отанын қорғай отырып, жандарын қиып, борышын өтегендердің барлығын аза тұтамыз. Көп елдерде бүгін мемлекеттік ту төмен түсіріліп, соғыста қаза тапқандар мен батырларын еске алады.

Аудандық орталық кітапханада «Майдан...сенің қатал іздерің» атты тарихи хабар кеші өтті. Оған тыл еңбеккерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, аграрлық-техникалық колледж курсанттары, аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Шара барысында Ш.А.Мағзумов қиын жылдар туралы әңгімеледі. Қазақстан халқы өз елін қорғауға бар күштерін салғанын айтты. Қазақстан батырлары болашақ ұрпақ үшін ерлікпен күрескенін айтты. Ұлттардың достығы мен татулығынаның арқасында, жауынгерлердің күші мен тылшылардың еңбектерінің арқасында біз Жеңіске жеттік. Тыл еңбеккерлері жастарды бұны ұмытпауға және болашақ ұрпақтарға таратуға шақырды.

Сонымен қатар, шара барысында соғыс туралы бейне мәліметтер көрсетіліп, «соғыс пішіні – өлеңдер мен есте сақталады» атты кітап көрменің алдында шолу өтті.


Оқу залының кітапханашысы С. Тлегенова