Үйінде Железин ауданының әкімі Қ.Ш.Кашкировтың

2 ақпан күні аудандық мәдениет Үйінде Железин ауданының әкімі Қ.Ш.Кашкировтың есептік кездесуі өтті. Бұл күнге арнап, аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі «Алтын діңгек – өзім туған босағам...» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ағым жылдың атаулы күндерін ашып көрсететін әдебиет ұсынылды: Павлодар облысының 80-жылдығы, Астана қаласының астана мәртебесіне ие болған күннен – 20 жыл және т.б.
Кітап қойылымында – 50 кітаптан астам, фотоальбомдар, анықтамалықтар және мерзімді басылымдар. Кітапхана қорынан Қазақстан астанасының тарихы бойынша, астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы әдебиет, жас астананың құрылуын баяндайтын кітаптар орналасқан. Қатысушыларды облыс тарихы, экономикасы, ауыл шаруашылығы, ғылымы мен мәдениеті туралы басылымдар, көркем проза және Павлодар авторларының поэзиясы, Павлодар Өңірінің әйгілі адамдары туралы әдебиет қызықтырды.
Есептік кездесу қонақтарының назарына Железин ОКЖ кітапханаларының 2017 жылда қызметін айқындайтын, «Кітапханалар – оқырман үшін» слайд-шолу ұсынылды.
Көрмеге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ж.С.Шарабасов қатысты.

С.Тлегенова қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы

FOTO