Тіл қарым-қатынас құралы ретінде

Тіл – Адамдардың қарым-қатынас құралы. Тіл арқылы адамдар өз ойларын, сезімдерін, үміттерін білдіреді. Қарым-қатынас құралы негізінде, тіл қоғам өмірімен, халықпен байланысты.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрып жатыр, әр ұлттың өз тілі, өз мәдениеті, өз дәстүрлері бар, бірақ еліміздегі мемлекеттік тіл – ол қазақ тілі.

Қазақ тілін үйренуді белсенді насихаттау мақсатында, Қазақстан халқы тілдер Күнін атап өту аясында, АОК қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл – біздің тірегіміз» атты ақпарат Күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Шара № 20 аграрлық-техникалық колледжде өтті. Оған 1-ші курс студенттері қатысты.

Ақпарат Күнінің бағдарламасында:

- Библиографтың кіріспе сөзі;

- «Тіл – біздің байлық» - ақпараттық минут – Курносова У.Р., ОКЖ библиографы, Серуен З., қызметк көрсету бөлімінің кітапханашысы;

- «Біз бір-бірімізді қалай түсінеміз» - студенттердің қатысуымен миниатюра;

- «Сленг қарым-қатынас ережесі ретінде: бұл жақсы ма, әлде жаман ба?» - студенттердің қатысуымен миниатюра;

- «Қазаңстанның болашағы – қазақ тілінде» - көрмені шолу, Серуен З., қызметк көрсету бөлімінің кітапханашысы;

- «Кітап оқу – сөйлеуді дамытудың негізі ме?» - ойлармен бөлісу – ОКЖ библиографы, аграрлық-техникалық колледждің студенттері;

- Библиографтың қорытынды сөзі.

Шара қызықты да танымдық түрде өтті. Белсенді қатысушылар қол шапалақпен марапатталды.