тақырыбына 2020 жылдың 3 наурызында ОКЖ әдістемелік бөлімімен кітапханалық қызметкерлерге арналған семинар-талқылау өтті. 

       Семинарды ОКЖ директоры Адамова М.Н. ашып, өткізді. Семинар барысында 2019 жылдың жұмыс жоспары талданды, 2020 жылға кәсіби сұрақтар қарастырылды.

      «Ауыл кітапханаларының жоспарлары мен есептері: ой салған кейбір сұрақтар» тақырыбына консультация-талдауды ОКЖ әдіскері Фахирслямова Р.Н. сөз алды.   Өз сөзінде есеп пен жоспарлауда болған кейбір ескертулерді атап өтіп,  жұмыстың жаңа формаларымен бөлісті: лэпбук, жастар библиосейшні,   әдеби мацион, опен айр және т.б. сонымен қатар жыл бойынша өткен ең қызықты және әсерлі іс-шараларды атады.   

       Әрі қарай «Ауыл кітапханаларының жұмысындағы жаңа, тиімді, ерекше шаралар» тақырыбы бойынша  ОКЖ әдіскері Чикишева А.Н. ұсыныс-шолу жасады.  Өз сөзінде әдіскер  әоіптестеріміздің ең қызықты  деген іс-шараларының суреттерін көрсетті: Уәлихан кітапханасының темір жол перронында «Бір ел-бір кітап» республикалық акция шеңберінде  өткізген шарасы, инсталляция ішінен Веселая Роща кітапханашысының жаңа жылға жасаған «Жаңажылдық камин» инсталляциясы және т.б.  Өз сөзінің соңында кітапханалық қызметкерлерге кітап оқу жұмысын жылжыту мақсатында кейбір формалар бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді: хардпостер – немесе  картоннан  немесе пластиктен жасалған конструкция /библиовумен/.  Балалар әдебиетінің бөлімінде ертегі кейіпкерлері ретінде фотозона қоюды ұсынды.  

            Балалармен жұмыс жасау әдіскері Умарова А.Е.  «Балалармен жұмыс: идеядан іске асуға дейін»  тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Баяндама барысында кітапханашыларымен квест ойынының бір элементі өткізілді: кітапханашылар  қолындағы жіпті - келесі тапсырмаға жеткізетін  «көпірді» үзіп алмау үшін жүргізуші бастаған ертегіні жалғастырып отырып жету болды. Жеткен соң, келесі тапсырма ретінде  жеке-жеке қиялған қағаздан  шығарманың бұрыс жазылып тұрған атауын жұрыс атау, сонымен қатар қолындағы жіпті қайта жинау керек болды.  Кітапханашылар бұл екі тапсырманы жақсы өтті.  

         «Шексіз мейірімділік» жобасы аясында «Шығармашылық әлеуеметке мүгедектерді интеграциялау әдісі ретінде: шексіз мүмкіндіктер» тақырыбына мүмкіндіктері шектеулі азаматтармен жұмыс бойынша ОКЖ кітапханашысы Кималиденова А.И.  әдістемелік бағытта ұсыныс берді. Бұл жұмыста кітапханашыларға дұрыс бағыт беріп, бұл категория оқырмандарымен жұмыстың қыр-сырын талқылап, түсіндірді.  

         Қысқа үзілістен кейін семинар жұмысын «Алдымызда 2020: жоспар мен идеяларды іске асырамыз» тақырыбына ОКЖ директоры М.Н.Адамова жалғастырды.  ОКЖ әдіскері А.Н.Чикишева «Жылдың кітапханалық жоспарлары: тиімді әрекеттің кейбір қадамдары» тақырыбына сөз алды. ОКЖ әдіскері Фахирслямова Р.Н. кітапханашыларға ауыл кітапханалары форматындағы кітапхананың  5 функциясы туралы түсіндірме жұмысын өткізді.

           Семинар соңында кітапханашылар «Бір-ел – бір кітап»  республикалық  акциясы,  бұдан былай қарай жылда өтетін «Ең үздік оқырман» аудандық байқау туралы, әл-Фарадибің мерейіне байланысты «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» облыстық байқау туралы     және басқа да кәсіби әрекетке байланысты сұрақтар қарастырылды.

                                                                                ОКЖ әдіскері Умарова А.Е.