«Алаштың ардақты азаматы»

Павлодар облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен  «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясының аясында «Павлодар Торайғыровты оқиды» жобасы жұмыс істей бастаған еді. Бұл шараның мақсаты барлық Павлодар өңірін Торайғыров поэзиясын, поэмаларын оқуға шақыру. Аталмыш жоба бойынша әр аудан аралығына эстафета ұйымдастырылған болатын. Ағымдағы жылдың 5 маусымы күні біздің аудан Ертіс ауданынан эстафетаны қабылдап алды. Ал,  осы аптаның басы яғни, маусым айының 12 жұлдызы күні дәстүрлі эстафетаны Железин ауданы Қашыр ауданына тапсыру рәсімін өткізді.

 «Павлодар Торайғыровты оқиды» жобасы аясында Железин аудандық кітапханасы «Алаштың ардақты азаматы» атты тақырыпта поэтикалық трибуна формасында өткізді. Аудандық кітапхана бір ай көлемінде аудан тұрғындарының арасында «Железинка Торайғыровты оқиды» атты бейнеролик дайындаған еді. Бұл  бейне роликке ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлері, еңбек ері ардагерлері, қарапайым жұмысшылар, сонымен қатар ақпарат құрал өкілдері, оқушылар және т.б  49 оқырмандар белсене ат салысты.

Шара барысында  аталмыш бейнеролик көрсетіліп және де шараға жиналған қауым өз еріктерімен С. Торайғыровтың өлеңдерін оқып берді. Шара барысында  бейнероликтен тыс ақынның өлеңін оқыған оқырмандар көп болды. Барлығыда өз нақыштарына келтіріп, өлеңдерді жан жүректерімен тебіренте оқи отырып, жиылған қауымның жүрегіне жеткізе білді. Жүргізілп жатқан шараны облыстық кітапхана онлайн трансляция арқылы бақылап отырды және шара соңында өздерінің оң пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ, балалар кітапханасының «Бұлақ » клубының мүшелері Есеналиева Аружан, Есеналиева Жансая, Мұхаметкали Айдана, Мұратбек Ләйла және Балғабаева Диляра қатысты. Олар өз кезектерінде Торайғыровтың өлеңдерін оқу мен қатар «Арыстан мен тышқан» мысалын шынайы көрінспен көрсетіп берді.

Шараға келген қонақтар мен оқырмандар өздерінің шарадан алған әсерлерімен бөлісті. «Ұлы даланың – ұлы перзенті» атты кітап көрмесі ұймдастырылып,  таныстырылды.

Железин ауданының ОКЖ басшысы М.Н. Адамова эстафетаны арнайы Қашыр ауданынан келген Қашыр аудандық ОКЖ басшысының орынбасарына табыстады

Шара соңында естелік суретке түсті.

«Железинка Торайғыровты оқиды» атты бейне роликті кітапхана

Веб: cbs.zhelezinka.kz сайытынан көре аласыздар.

Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы: Серуен З.

Фото